«Челсидің» капитаны «Барселонаға» ауысады

14.05.2022, 15:53
32 жастағы футболшы жазда еркін агент атанады.
«Челсидің» капитаны «Барселонаға» ауысады

«Челсидің» қорғаушысы Сезар Аспиликуэта жазда командасын ауыстырады, деп хабарлайды AS басылымы.

Дереккөздің айтуынша, испаниялық футболшы маусым соңында еркін агент ретінде «Барселонаға» ауысады. Бұған лондондық клубтың басшысының ауысуы себеп болды. Сезар каталондық клубта Дани Алвес немесе Серджиньо Десттің орнын басады, олардың бірі жазғы трансферлік терезеде каталондық клубтан кетуі мүмкін.

32 жастағы Аспиликуэта «Челси» клубында 2012 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы маусымда Ағылшын Премьер-лигасының 18 матчына қатысып, екі нәтижелі пас берді.

«Барселона» «Челсидің» даниялық қорғаушысы Андреас Кристенсенмен де жақын арада келісім-шартқа отырады. Одан бөлек, испаниялық қорғаушы Маркос Алонсоға да қызығушылық танытуда. Лондондық клубтың тағы бір қорғаушысы Антонио Рюдигер мансабын «Реал Мадридте» жалғастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×