Ағылшын Премьер-лигасының осы маусымдағы үздіктері кім болады?

13.05.2022 21:36 АПЛ

Номинацияға ұсынылған үміткерлер тізімі белгілі болды.

Ағылшын Премьер-лигасының осы маусымдағы үздіктері кім болады?

Ағылшын Премьер-лигасының осы маусымдағы үздік ойыншысы атағына үміткерлер тізімі белгілі болды.

Премьер-лиганың ресми сайтындағы мәлімет бойынша, «Манчестер Ситиден» Кевин де Брёйне мен Жоао Канселу, «Ливерпульден» Мохамед Салах пен Трент Александр-Арнольд, «Арсеналдан» Букайо Сака, «Тоттенхэмнен» Сон Хын Мин, «Вест Хэмнен» Джаррод Боуэн және «Саутгемптонның» жартылай қорғаушысы Джеймс Уорд-Проуз аталмыш жүлдеге таласатын болады.

Ал маусымның үздік жас ойыншысы атағына «Манчестер Ситиден» Филип Фоден, «Ливерпульден» Трент Александр-Арнольд, «Челсиден» Мейсон Маунт, «Арсеналдан» Аарон Рамсдейл мен Букайо Сака, «Вест Хэм» командасынан Деклан Райс, «Кристал Паластан» Конор Галлахер мен Тайрек Митчелл үміткер атанды.

Премьер-лиганың осы маусымдағы үздік менеджері атағына Хосеп Гвардиола («Манчестер Сити»), Юрген Клопп («Ливерпуль»), Патрик Виейра («Кристал Пэлас»), Томас Фрэнк («Брентфорд») және Эдди Хау («Ньюкасл Юнайтед») үміткер ретінде ұсынылды.

Жеңімпаз жанкүйерлердің, Премьер-лигадағы клуб капитандарының және футбол мамандарының бірлескен дауыс беруі арқылы анықталады.

0 пікір