Роберт Левандовски «Бавариядан» кетуді жоспарлап отыр

13.05.2022, 23:23
Шабуылшы мансабын Испанияда жалғастыруы бек мүмкін.
Роберт Левандовски «Бавариядан» кетуді жоспарлап отыр

«Баварияның» шабуылшысы Роберт Левандовски мюнхендік командасымен келісім-шартын ұзартқысы келмейді. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо өзінің Twitter парақшасында жазды.

33 жастағы поляк футболшысы «Барселонаның» үш жылдық келісім-шарт ұсынғанын біліп отыр. Каталондық клуб Робертті қатарға қосу үшін қолынан келгеннің бурін жасап көрмек. «Бавария» Левандовскиді жазғы трансферлік терезеде 35-50 миллион еуроға сатуы мүмкін.

Шабуылшы «Бавария» сапында 2014 жылдан бері ойнап келеді. 33 жастағы поляк шабуылшының клубпен келісім'шарты 2023 жылдың жазында аяқталады.

Левандовски осы маусымда «Бавария» жейдесінде 45 матч өткізіп, 49 гол соқты, 7 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×