«Боруссия Дортмунд» тәжірибелі жартылай қорғаушысымен қоштаспақ

13.05.2022, 22:52
Командада оның орнын жоқтатпайтын Джуд Беллингем бар.
«Боруссия Дортмунд» тәжірибелі жартылай қорғаушысымен қоштаспақ

Бельгия құрамасының жартылай қорғаушысы Аксель Витсель маусым соңында «Боруссия Дортмунд» клубынан кетеді.

«Витсель - тамаша ойыншы, ол біз үшін көптеген маңызды матчтарда өнер көрсетті. Дегенмен, біз келісім-шартты ұзартпау туралы шешім қабылдадық», - деді дортмундтық клубтың бас бапкері Марко Розе.

«Біз өткен және осы маусымда көп гол жіберіп алдық, мұны келесі маусымда түзетуіміз керек. Бірақ келесі маусымда мұнда болмаймын. 4 жылды осында өткізгеніме қуаныштымын. Клубтан кететінім көңіліме қаяу түсірді, мұнда менің достарым көп, тамаша командаластарым бар. Соңғы матчымды асыға күтемін, бірақ бұл өте қайғылы болайын деп тұр», - деді Витсель.

Goal.com сайты хабарлағандай, Витсель мансабын MLS-те жалғастырады. «Лос-Анджелес» пен «Лос-Анджелес Гэлакси» клубтары 33 жастағы жартылай қорғаушы үшін таласуда.

Витсель 2018 жылы қытайлық «Тяньцзинь Цюаньцзянь» командасынан «Боруссияға» ауысты. Содан бері бельгиялық жартылай қорғаушы дортмундтық клуб үшін 144 матчта 13 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Германияда Витсель ел кубогі мен суперкубогін жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×