«Челсидің» жаңа қожайыны Тодд Бёли Томас Тухельдің клубтан кету себебін айтты.
«Сіз бизнеспен айналысқанда, осы салада жүрген адамдармен байланысыңыз бар екеніне көз жеткізуіңіз керек. Тухель талантты бапкер және «Челсимен» үлкен жетістікке жетті, бірақ біз шынымен де бізбен бірлесе жұмыс істейтін менеджерді тапқымыз келді. Менің ойымша, «Челсиде» өзгертуді қажет ететін дүниелер көп. Томас екеуміздің болашаққа деген көзқарасымыз әртүрлі болды. Дұрыс немесе бұрыс демеймін, тек бірдей көзқарас болмады», - деді Бёли.
Еске салайық, Тухель Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Динамо Загребтен» (0:1) жеңілгеннен кейін қызметінен қуылған болатын.
Біздің серіктес: FONBET