«Барселона» талантты футболшысымен келісім-шартты ұзартты

14.09.2022, 23:01
Жас футболшы төрт жылдық келісім-шартқа қол қойды.
«Барселона» талантты футболшысымен келісім-шартты ұзартты

«Барселонаның» жартылай қорғаушысы Гави клубпен келісім-шартын ұзартты, деп хабарлайды каталондықтардың баспасөз қызметі.

18 жастағы испаниялық футболшының «Барселонамен» жаңа келісім-шарты 2026 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Соған сәйкес, жартылай қорғаушының өтемақы құны 1 миллиард еуроны құрайды. Гавимен келісім-шартты ұзарту рәсімі ертең, 15 қыркүйекте Барселонадағы «Камп Ноу» стадионында өтеді.

Гави өткен жаздан бері «Барселонаның» негізгі командасында өнер көрсетуде. Футболшы каталониялық клуб сапында 54 матчқа қатысып, екі гол соқты, алты нәтижелі пас берді. Гави Испания құрамасындағы дебютін 2021 жылдың қазан айында жасап, содан бері 10 ойынға қатысып үлгерді.

Айта кетейік, «Барселона» кеше Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ойында «Бавариядан» 0:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×