Хамес Родригес мансабын Грекияда жалғастырады

15.09.2022, 01:32
Колумбиялық футболшы Марселоның командасына қосылмақ.
Хамес Родригес мансабын Грекияда жалғастырады

«Эр-Райянның» жартылай қорғаушысы Хамес Родригес мансабын Грекияда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо.

Дереккөздің ақпаратына сенсек, 31 жастағы колумбиялық ойыншыны «Олимпиакос» жалға алуды көздеп отыр. Футболшы бүгін Грекияға барып, медициналық тексерістен өтеді және келісім-шартқа қол қояды деп күтілуде.

Бұған дейін «Реалдың» бұрынғы қорғаушысы Марсело «Олимпиакосқа» ауысқан еді.

Хамес «Эр-Райян» сапында 2021 жылдың қыркүйегінен бастап ойнауда, келісім-шарт 2024 жылдың жазына дейін есептелген.

Осы маусымда колумбиялық жартылай қорғаушы 14 матч өткізіп, 5 гол соқты, 7 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×