Турдың орталық матчында «Тобыл» «Астанадан» басым түсті

15.09.2022, 01:55
Григорий Бабаян дебюттік матчында жеңіліп қалды.
Турдың орталық матчында «Тобыл» «Астанадан» басым түсті

«Астана» Қазақстан Премьер-лигасының жиырмасыншы турында «Тобылды» қабылдады. Матч «Астана Арена» стадионында өтіп, 1:2 есебімен қостанайлық клубтың пайдасына шешілді.

Кездесудің 24-минутында алаң иелерінде есеп ашатын мүмкіндік болды. Бірақ Марин Томасов пенальтиден гол соға алмады. Он минуттан кейін «Тобыл» он бір метрлік айып добын орындауға мүмкіндік алды. Нүктеге келген Серікжан Мужиков Александр Заруцкийді қапы қалдырды. Ал бес минуттан кейін Абат Айымбетов таразы басын теңестірді. Ойынның 72-минутында Сергей Малый баспен гол соғып, «Тобылға» жеңіс сыйлады.

«Астана» – «Тобол» – 1:2

«Астана»: Александр Заруцкий (қ) – Тимур Досмағамбетов, Талғат Көсепов, Михаил Габышев, Камо Оганесян – Аслан Дарабаев, Брайан Сильва, Макс Эбонг – Педро Эуженио, Марин Томасов (к), Абат Аймбетов;

Қосалқы құрам: Марко Милошевич (қ), Данил Подымский (қ) – Даниил Бескоровайный, Артем Рахманов, Абзал Бейсебеков – Жереми Манзорро, Юрий Перцух, Сұлтан Сағнаев – Килан Лебон, Станислав Басманов, Владислав Прокопенко;

«Тобол»: Тимур Акмурзин (қ) – Алекса Аманович, Жарко Томашевич, Сергей Малый, Бағдат Қайыров – Душан Йованчич, Асхат Тағыберген, Серікжан Мужиков (к) – Мильян Вукадинович, Зоран Тошич, Серж Дебле;

Қосалқы құрам: Юрий Мелихов (қ) – Роман Асранқұлов, Александр Марочкин, Данияр Семченков – Самат Жарынбетов, Чиди Осучукву, Вячеслав Күлпейісов, Владислав Васильев, Жасұлан Жұмашев – Игорь Сергеев;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×