«Челси» «РБ Лейпцигтің» директорымен келіссөздер жүргізуде

14.09.2022, 17:33
Бұл маман австриялық клубта қаншама таланттың бағын ашты.
«Челси» «РБ Лейпцигтің» директорымен келіссөздер жүргізуде

«РБ Зальцбургтің» спорттық директоры Кристоф Фройнд «Челсиге» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо.

Дереккөздің айтуынша, лондондық клуб пен Фройнд арасындағы келіссөздер сәтті өтуде.

«Челси» спорт директоры лауазымына «Монакода» жұмыс істейтін Пол Митчеллді де қарастыруда, Фройндты алғашқы нұсқа ретінде санап отыр.

Ағылшын Премьер-Лигасының 6 турынан кейін «Челси» 10 ұпай жинап, турнирлік кестеде 6-орынға жайғасты. Бұған дейін клуб басшылығы Томас Тухельді қызметінен босатып, Грэм Поттерді бас бапкер етіп тағайындаған еді.

Айта кетейік, «Челси» бүгін Чемпиондар лигасының екінші туры аясында «РБ Зальцбургпен» кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×