Кеше Маракана стадионында Испания және Чили құрама командалары кездесті. "В" тобындағы бұл ойында Испания анық фаворит еді. Оның үстіне олар алдыңғы матчта Голландия құрамасынан 1-5 есебімен ойсырай ұтылған болатын.
Бірақ, ойын басталысымен шабуылға шыққан Чили командасы Касильяс қақпасын нысанаға ала бастады. Соның нәтижесінде олар 20-минутта есепті ашты. Видальдың керемет пасын одан әрі жалғаған Арангис Варгасқа 100 пайыздық мүмкіндік жасап берді. Ал шабуылшы өз ісін соңына дейін жеткізді.
Испаниялықтар ес жиамыз дей берген тұста, чилиліктер екінші голды соғып, жығылғанға жұдырық қылды. Бұл жолы қақпашы Касильяс қателесті. Ол қайтарған доп тура Арангистің аяғына жата қалды. Чилилік жартылай қорғаушы ойланбастан есепті 2-0 қылды.
Екінші таймда әлем чемпиондары қанша шабуылдағанымен есепті аша алмады. Кездесу нәтижесі 2-0, Чилидің пайдасына.
Висенте ДЕЛЬ БОСКЕИСПАНИЯ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ- Жарысты ерте аяқтау жоспарымызда жоқ еді. Тағдырдың жазғаны осы болар. Испанияның барша жанкүйерлерінен кешірім сұраймын. Қолдан келгені осы болды. Нәтижеге әрқашан бапкер жауап береді. Бар кінәны өз мойныма аламын.Хорхе САМПАОЛИЧИЛИ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ- Ойынға қойған тактикамыз жемісін берді. Ендігі мақсат Нидерландыны ұтып, топтан 1-орын алу. Плэй оффтағы ойындарға дайындалуымыз қажет. Онда қарсыластар одан әрі күштірек болары анық.