Чемпиондар Лигасы. 2-ші тур алдыңдағы сұрақтар

30.09.2015, 03:12
Чемпиондар Лигасы. 2-ші тур алдыңдағы сұрақтар
Сейсенбі-сәрсенбі күндері Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің 2-ші тур ойындары болып өтеді. Қазақ футболының жанкүйерлері үшін қуанышты жайт, "Астана" тұңғыш рет топтық кезең аясында өз алаңында матч өткізеді. "Астана-Арена" стадионына "Галатасарай" қонаққа келеді. "Аладоп" осы аптадағы Чемпиондар Лигасының басты сұрақтарына жауап іздеп көрмек. Қос еурокубок шеберлерінің теке-тіресі қалай аяқталмақ? 5 главных вопросов накануне второго тура Лиги чемпионов Чемпиондар Лигасының финалисті Еуропа Лигасының чемпионына қарсы. Бірінші турда "Севилья" да, "Манчестер Сити" де өз қарсыластарын тізе бүктіріп, 3 ұпайдан қоржынға салған еді. Енді, екі ұжым өзара кездесуде кім мықтыны анықтап, топ бастаудан дәмелі. Жаңа маусымда Аллегри шәкірттерінің де, Эмери командасының да ішкі біріншілік пен Чемпиондар Лигасындағы нәтижелері мүлде сәйкес келмейді. Туриндіктер, ол кезде бес ойын қатарынан ұпай жоғалтпай жүрген "Манчестер Ситиді" "Эттихад" стадионында жеңсе, андалуссиялықтар "Боруссия Менхенгладбахты" таптап өтті. Сондықтан, матчтың фаворитін анықтау да қиын. Бұрыңғы клубы Жозені аяқтан шала ма?  Жозе Моуриньо есімді бапкер әлем футболының алтын сахнасына "Портумен" сенсациялы түрде Чемпиондар Лигасын бағындырғаннан кейін шыққан еді. Енді, "Драгау" стадионына Жозе Моуриньо өзге команданы бастап қарсылас ретінде барады. "Порту" ішкі біріншілікте көш басында болса, жаңа маусымда "Челсидің" басына қара бұлт төнгені баршаға мәлім. "Ақсүйектер" Ағылшын Премьер-Лигасының 15-ші орның ғана қанағат тұтып тұр. Екі апта бұрын "Челси", болжалғандай-ақ, тель-авивтік "Маккабиге" қарсы ойында қиындық көрмеген еді. Ендігі, қарсылас "Порту". Былтырғы маусымның ширекфиналында өнер көрсеткен ұжым. Капитаны Джексон Мартинес кетсе де, команданың ойыны өзгере қойған жоқ. Чемпионатта әр ойынға шаққандағы команданың голдар саны екеуден кеміген емес. Топтық кезеңнің алғашқы турында соңғы минуттарда ғана Киевте жеңісті жіберіп алған португалдар, қиын күндерін бастан өткізіп жүрген Ағылшын Премьер-Лигасының чемпионыy аяқтан шалуға тырысады. Мессиі жоқ "Барселона" қалай ойнайды? Осындан 3 жыл бұрын, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінен жолдама алған леверкузендік "Байерге", соқыр жеребе қарсыласы ретінде "Барселонаны" "сыйлайды". Немістер сол екі ойындық теке-тірестің қарымта ойыныңда ойсырай ұтылған еді. Ал, Лионель Месси "Камп Ноудағы" матчта пента-трикті атына жазған-тұғын. Енді "Байердің" қорғаушылары: "Мессиді қалай тоқтатамыз"-деп бас қатырып жатпайды. Төрт дүркін Алтын доптың иегері Испан Премьерасындағы  матчта жарақат алып, енді 6-8 апта алаңға шыға алмайды. Мессисіз де, "Барселона" жұлдызды команда болып есептелгенмен, іс жүзінде мүлде олай еместігін "Лас-Пальмасқа" қарсы кездесу дәлелдеп берді. "Барселонаның" ойыны мен нәтижесі Мессиге ғана байланысты деген әңгімені жоққа шығаратын Суарес пен Неймарда тамаша мүмкіндік туып тұр. "Астана" алғашқы ұпайды еншілей ме? Нағыз Чемпиондар Лигасы қазақ жеріне де келіп жетті. Іріктеу кезеңі мен топтық кезең арасында, әрине, айырмашылық бар. Станимир Стойлов шәкірттері өз алаңында "Галатасарайды" қабылдайды. Түркиялық клуб бірінші турда "Атлетикоға" жол берсе, "Астана" Лиссабондағы "Бенфикаға" қарсы кездесуде 0:2 есебімен тізе бүккен еді. Екі команда үшін де бұл ойында жеңіске жету өте маңызды. "Галатасарай" ішкі біріншіліктегі соңғы кездесуде "Газиантепспорды" 2:1 есебімен әупірімдеп жүріп жеңді. Команда көп күш сарқылтты деген сөз. Подольски мен Умут Булут голмен көзге түсті. "Астанаға" қарсы ойында осы екі футболшы шабуыл шебінде жұп құрауы мүмкін. Ал, команданың басты сұрмергені Бурак Йылмаз жарақатқа байланысты ойынға қатыса алмайды. "Галатасарайды" матчты фавориті санағанымен, іс жүзінде басқаша болуы да мүмкін. Әрине, команда сапында Снайдер, Подольски секілді шеберлігі мол, бір ойынның тағдырын шешіп кетердей әл-ауқаты бар футболшылар болғанымен, "Галатасарай" Еуропаның көптеген клубтарына тән команда ретінде осал. Түркия чемпионатындағы ойындар осының дәлелі. Бұл ойында Стойлов шәкірттерінің Снайдерды қалай тұсайтыны маңызды. Нидерландық плеймекерге орталық алаңда Каньяс пен Максимович еркіндік бермесе "Астанада" оң нәтижеге мүмкіндік болады. Ал, футбол жанкүйерлері "Астана" мен "Галатасарай" арасындағы кездесуді 30-шы қыркүйек Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де тамашалай аласыздар.                                                                                            Фараби Әбдіхалық  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×