Уайт Харт Лейндегі жеңіліс

27.09.2015, 21:50
Уайт Харт Лейндегі жеңіліс
Ағылшын премьер лигасының жетінші туры аясында лондондық «Тоттенхэм Хотспур» турнир кестесінде көш бастап тұрған «Манчестер ситиді» қабылдады. Қонақтарға бұл ойында оңай болмайтындығы түсінікті еді. Шынымен де солай болып шықты. Алаң қожайындары алғашқы жарты сағаттан кейін қонақтардың қорғаушыларының аяқтарын бір етікке тықты. Дегенмен, барлығы преммьер лиганың вице чемпионы үшін жап жақсы басталған. «Вольвсбург» футбол клубынан 75 млн еуроға келген Бельгия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Кевин Де Брейне ойынның жиырма бесінші минутында осы маусымдағы екінші голын соғып, қонақтардың мерейін үстем еткен. Осыдан кейін сити ойыншылары қорғанысты ойлап, шабуыл туралы аздап ұмытты. Соны пайдаланып қалғысы келген Моурисио Почетинно шәкірттері шабуылда сәтті ойнап, есепті теңестіруге тырысты. Ойынның қырық бесінші минутында қорғаушылар қателігін тамаша пайдаланған Натан Дайер есеті теңестіріп кетті. Екінші таймда алаң қожайындары өздерінің шынымен де қожайын екендерін көрсетті. Ойынды толығымен өз қолдарына алып, Джо Харт қақпасының кілтін табуға тырысып бақты. Англия клубтары үшін стандарттық жағдайлар тәңірдің берген сыйы. Эрик Ламеланың бұрыштама добына барлынан бірінші Тоби Алдервейлерд жетіп, лондондық команда екінші голын соққанда, Уайт Харт Лейнге жиналған жанкүйерлерден асқан бақытты адамдар болмаға шығар сірә! Бұл гол қонақтарға психологиялық тұрғыдан соққы болғандығы сөзсіз. «Манчестер сити» өз ойынын табамын деп жүргенде қақпаларына үшінші голды жіберді. Былтырғы маусымда үздік сұрмергендер қатарында болған Харри Кейн отқа май құйып, қонақтардың қорғаушыларын абдыратып тастады. Үшінші голдан кейін «Манчестер сити» үшін ойын аяқталды десе де болады. Ойынның негізгі уақыты аяқталуға он минут қалғанда Ламела кездесу тағдырын біржолата шешіп тастады. Қорытнды есеп 4:1, Почеттино шәкірттері айқын басымдылықпен жеңіске жетті. Манчестерден келген клубтың жағдайы қиындай түсті. Алаң қожайындары турнир кестесіндегі жағдайын біршама түзеп алды. «Манчестер сити» қатарынан екінші жеңіліске ұшырап, турнир кестесінде екінші орынға түсіп қалды. Ал, көш басында тағы бір манчестерлік клуб «Манчестер Юнайтед». Луи Ван Гал шәкірттері өз алаңында «Сандерлендті» 3:0 есебімен жеңіп, 16 ұпаймен турнир кестесінің бірінші сатысында. Әбілмансұр ҚАМЗАЕВ    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×