ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ БАС-ТАЛ-ДЫ!!! БЕТАШАР КҮН СЕНСАЦИЯҒА ТОЛЫ

14.06.2011, 16:21
ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ БАС-ТАЛ-ДЫ!!! БЕТАШАР КҮН СЕНСАЦИЯҒА ТОЛЫ

“Камп Ноу” стадионындағы “Барселона” мен “Милан” арасындағы ойын тартысқа толы болды. УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңiндегi ойын да есептi бiрiншi болып қонақтар ашты. Британдық төрешi Мартин Аткинсонның ысқырығы естiлiсiмен шабуыл ға лап қойған “Милан” ша буыл шысы Пато үш бiрдей қор ғаушының арасынан сытылып шығып, “Барселона” қақ пашысы Виктор Вальдестiң бұтының арасынан ала допты өткiзiп жiбердi.

Ойынның басталғанына небәрi бiр минут ғана болған. Хосеп Гвардиолланың жiгiттерi тартыстың бұлай тұтанарын бағамдамаса керек. Бiрден жинақы ойнауға көштi. Ойынның 36-минутында сол қапталмен қақпа алаңына енген Лионель Месси қорғаушылардың қақ пақылдағанына қарамастан допқа жеттi де, сол аяғымен оң қапталға пас бердi. Бұл жақта “Милан” қақпашысы Кристиан Аббьятиден өзге ешкiм жоқ болатын. Бәрiн бағып тұрған Педро Родригес Мессидiң “шайнап бергенiн” “жұта салды”. Таразы басы теңескеннен кейiн ғана “Барселонаның” басымдығы арта түстi. 50-минутта Давид Вилья қақпадан қашықта тұрып-ақ гол тоғыта алатынын дәлелдедi. Айып соққысын ол қарсыластың қақпасына тура тепкен, әуелеп жеткен допты аңғал Аббьяти қағып ала алмады. Негiзгi 90 минут түгесiлiп, төрешi ойынға қосымша 3 минут қосқан едi. Бұрыштан берiлген допты Тьяго Силва шекесiмен сүйкеп, Вальдестi қапы қалдырды. Сөйтiп, топтық кезеңдегi кездесу 2:2 есебiмен аяқталды. Бұл ойынмен қатар бiрне ше қалада да чемпиондар лигасының топтық кезеңдегi кездесулерi өттi. Лондондық “Челси” өз алаңында немiстiң “Байерiн” қабылдап, 2:0 есебiмен тiзе бүктiрдi. Стэмфорд Бридж стадионындағы ойынның бiрiншi таймы тең нәтижемен аяқталған. Ойынның екiншi таймы басталғасын, “Челси” футболшылары түрленiп сала бердi. Давид Луис 67-минутта есеп ашты. Оның iзгi жолын Хуан Мата (90+2-минутта) жалғастырды. Бельгиялық “Генк” пен испандық “Валенсия” арасындағы ойында есеп ашылған жоқ. Гректердiң “Олимпиакосы” француздың “Олимпигi мен” ойнап, ұтылып қалды. Қонаққа келген “Олимпикке” Лучоның 51-минутта соққан жалқы голы үш ұпай әкелдi. Немiстiң Дортмунд қаласындағы “Боруссия” мен “Арсенал” арасында ойын 1:1 есебiмен аяқталды. Робин ван Персидiң 42-минуттағы соққан голына алаң иелерi 88-минутта ғана қарымта қайтарды. Иван Перишич “Арсенал” қорғаушысының басына тиiп, керi серпiлген допты жерге түсiрместен сол аяғымен шiрене теуiп, қақпашы Войцех Щенсныны шарасыз күйге түсiрдi. Өзiнiң стадионында “Порту” украиндық “Шахтердi” 2:1 есебiмен жеңдi. Ойынның 12-минутында Луис Адриано “Порту” қақпашысы Элтонды сан соқтырып кеттi. Алыстан бағытталған соққыны қайтарған Элтон уысынан допты шығарып алды. Гол соқпаса көңiлi көншiмейтiн Адриано қоя ма, қақпашының астынан сусып шыққан допты қақпаға түрте салды. Алаң иелерi бұған мойыған жоқ. Айып добын сәттi орындаған Халк таразы басын теңес тiрдi. Ойынның 51-минутындағы Клебердiң голы нәти женi түйiндедi. Кипрлiк “АПОЕЛ” мен ре сейлiк “Зенит” арасындағы ойын 2:1 есебiмен аяқталды. 63-минутта Константин Зыряновтың соққан голы “Зениттi” алға шығарғанымен, 73-минутта Густаво Мандука, 75-минутта Айлтон гол тоғытып, командасын тығырықтан шығарды. Прагада жергiлiктi “Виктория Пльзень” мен бело русь тiк “БАТЭ” арасындағы ойын да тең есеппен аяқталды. Марек Бакоштың бiрiншi тайм аяқталарда соққан голынан кейiн “БАТЭ” сапынан Ренан Брессан (69-минутта) таразы басын теңестiрдi. Қуаныш НҰРДАНБЕК

Е тобы «Челси» (Англия) – «Байер» (Германия) – 2:0 (0:0) Гол: Луис, 67. Мата, 90. «Челси»: Чех, Иванович, Коул, Луис (Алекс, 76), Босингва, Микел, Малуда, Мейрелеш (Лэмпард, 64), Торрес, Мата, Старридж (Анелька, 64) «Байер»: Лено, Райнартц, Топрак, Кадлец, Кастро, Рольфес, Бендер (Балич, 80), Баллак (Аугусто, 66), Сэм (Дердийок, 73), Шюррле, Кисслинг Ескерту: Торрес, 9. Луис, 60. – Кастро, 38. Бендер, 72. Дердийок, 74. «Генк» (Бельгия) – «Валенсия» (Испания) – 0:0 (0:0) «Генк»: Кетелеш, Нгконгка, Симайс, Надсон, Юбер, Тежер, Ндабашинзе, Пудил, Воссен (Барда, 88), Буффель (Камю, 85), Нванганга (Огунжими, 64) «Валенсия»: Диего Алвес, Рами, Руис, Матье, Мигел, Топал, Фегули (Эрнандес, 69), Банега, Парехо (Адурис, 74), Сольдадо, Пьятти (Канальес, 79) Ескерту: Буффель, 61. Пудил, 67. – Банега, 28. F тобы «Боруссия» (Дортмунд, Германия) – «Арсенал» (Англия) – 1:1 (0:1) Гол: Перишич, 88. – ван Перси, 43. «Боруссия»: Вайденфеллер, Суботич, Хуммельс, Пищек, Шмельцер, Кель (Блащиковски, 68), Гетце, Кагава (Зидан, 85), Бендер, Гросскройц (Перишич, 68), Левандовски «Арсенал»: Щесны, Санья, Мертезакер, Косьелны, Гиббс, Артета, Бенаюн, Уолкотт (Фримпонг, 76), Сонг, ван Перси (Шамах, 86), Жервиньо (Сантос, 86) Ескерту: Шмельцер, 76. Бендер, 90. – Санья, 75. «Олимпиакос» (Грекия) – «Марсель» (Франция) – 0:1 (0:0) Гол: Лучо, 51 «Олимпиакос»: Костанцо, Торосидис, Мельберг, Модесто, Пападопулос, Фустер (Макун, 67), Холебас, Абдун, Фейса (Ибагаса, 67), Йесте (Жеббур, 55), Миральяс. «Марсель»: Манданда, Д. Траоре, Диавара, Нкулу, Морель, Аспиликуэта, А. Диарра, Амальфитано, Лучо (Каборе, 77), Шейру (Фанни, 82), Реми (Айю, 68). Ескерту: Миральяс, 61. Пападопулос, 90. – Морель, 71. Амальфитано, 86. Айю, 90. Алаңнан қуылды: Фанни, 90. G тобы АПОЭЛ (Кипр) – «Зенит» (Санкт-Петербург) – 2:1 (0:0) Гол: Мандука, 73. Айлтон, 75. – Зырянов, 63. АПОЭЛ: Хиотис, Жорже, Оливейра, Пурсайтидис (Солому, 74), Мораиш, Боавентура, Мандука (Александру, 89), Пинту, Марсиньо (Яхич, 64), Аилтон, Тричковски «Зенит»: Малафеев, Анюков, Бруну Алвеш, Кришито, Ломбертс, Губочан (Бухаров, 89), Широков (Файзулин, 75) , Зырянов (Лазович, 80), Денисов, Данни, Кержаков. Ескерту: Оливейра, 40. Мораиш, 71. Жорже, 71. Яхич, 78. – Бруну Алвеш, 29, 76. Данни, 35. Алаңнан қуылды: Бруну Алвеш, 76. «Порту» (Португалия) – «Шахтер» (Украина) – 2:1 (1:1) Пенальти соға алмады: Халк, 10. Гол: Халк, 28. Клебер, 51. – Луис Адриано, 12 «Порту»: Элтон, А.Перейра, Майкон, Отаменди, Фусиле, Режес (Беллуски, 61), Моутинью, Дефур, Дж. Родригес, Халк (Варела, 78), Клебер (Джалма, 69). «Шахтер»: Рыбка, Ракицкий, Рац, Чигринский, Срна, Жадсон (Тейшейра, 64), Фернандиньо, Виллиан (Хюбшман, 81), Мхитарян, Эдуардо (Кучер, 42), Луис Адриано. Ескерту: А. Перейра, 34. – Луис Адриано, 27. Чигринский, 31, 80. Срна, 34. Алаңнан қуылды: Ракицкий, 40. Чигринский, 80. H тобы «Барселона» (Испания) – «Милан» (Италия) – 2:2 (1:1) Голы: Педро, 36. Вилья, 50. – Пато, 1. Силва, 90. «Барселона»: Вальдес, Алвес, Абидаль, Хави, Иньеста (Фабрегас, 39), Маскерано, Кейта (Пуйоль, 67), Бускетс, Вилья (Афеллай, 84), Месси, Педро «Милан»: Аббьяти, Неста, Дзамбротта, Абате, Силва, ван Боммель (Аквилани, 77), Зеедорф, Ночерино, Боатенг (Амброзини, 34), Пато, Кассано (Эммануэльсон, 62) Ескерту: Вилья, 52. Алвес, 70. Пуйоль, 90. – ван Боммель, 18. Неста, 57. «Виктория Плзень» (Чехия) – БАТЭ (Белоруссия) – 1:1 (1:0) Гол: Бакош, 45. – Брессан, 69. «Виктория Плзень»: Чех, Быстронь, Чишовски, Лимберски (Трапп, 79), Ирачек, Горват, Колар, Петржела (Дюриш, 70), Райторал, Бакош, Пиларж (Гора, 88). БАТЭ: Гутор, Симич, Бордачев, Филипенко, А. Володько, Олехнович, Брессан (Концевой, 72), Бага, Гордейчук (М. Володько, 83), Рудик, Кежман (Порфирио, 76). Ескерту: Коларж, 63. Пиларж, 81. – Олехнович, 16. Брессан, 71. Футбол әлемінің барлық қызығы мен шыжығын өзіне жинаған бұл дода жайлы Сіздің айтарыңыз бар болар. Осыған байланысты «Аламан» назарларыңызға «ТАЛҚЫ» айдарын ұсынып отыр. Өздеріңіздің бүгін һәм ертең өтер ойындар жайлы айтар ой мен пікірлеріңізді, болжамдарыңызды «Пікір алаңына» қалдыруыңызға толық мүмкіндігіңіз бар… Ендеше іске сәт «Аламанның» алғыр оқырмандары!
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×