Чемпиондар Лигасы. Бүгінгі ойындар

03.11.2015, 17:04
Чемпиондар Лигасы. Бүгінгі ойындар
Бүгін түнде Чемпиондар Лигасы топтық кезең аясындағы 4-ші турдың бірқатар ойындары болып өтеді. Қазақ футболының жанкүйерлері "Астана"-"Атлетико" ойының күтетіні анық. Елордадағы кездесу 4-ші турдың шымылдығын ашып бермек. Сонымен қатар, жерлестеріміз өнер көрсететін C тобында "Бенфика" өз алаңында "Галатасарайды" қабылдайды. Түркия жеріндегі алғашқы кездесу  2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілген еді. Сондай ақ, "Сантьяго Бернабеу" стадионында Еуропа футболының алыптары өзара кім мықтыны анықтайды. "Реал Мадрид"-"ПСЖ". Бұл ойынның маңызды оқиғаларының бірі, Анхель Ди Марияның өзі біраз жыл өнер көрсеткен "Сантьяго Бернабеу" стадионына қарсылас жейдесінде оралуы. Чемпиондар Лигасы. 4-ші тур. A тобы. "Реал Мадрид"(Испания)-"ПСЖ"(Франция) "Шахтер"(Украина)-"Мальме"(Швеция) B тобы "Манчестер Юнайтед"(Англия)-"ЦСКА"(Ресей) "ПСВ"(Голландия)-"Вольфсбург"(Германия) C тобы "АСТАНА"(Қазақстан)-"Атлетико"(Испания) "Бенфика"(Португалия)-"Галатасарай"(Түркия) D тобы "Севилья"(Испания)-"Манчестер Сити"(Англия) "Боруссия М"(Германия)-"Ювентус"(Италия) "Астана-Аренадағы" матч Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталып, оны "Таң" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Қалған ойындар түнгі сағат 01:45-те басталады. "Реал Мадрид"-"ПСЖ" арасында кездесуді де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×