Чемпиондар Лигасы. «Челси» «Атлетиконың» сынағынан өтіп көрмек

22.04.2014, 19:32
Чемпиондар Лигасы. «Челси» «Атлетиконың» сынағынан өтіп көрмек

Кәрі құрлықтың ең мықты клубын анықтауға аз уақыт қалды. Бүгін-ертең Мадрид қаласында жартылай финалдың екі кездесуі өтеді. Алдымен түнде өтетін «Атлетико» мен «Челси» арасындағы матчты сарапқа салып көрейік.

«АТЛЕТИКО»

Бұл команданың жанкүйерлері сүйікті клубының үздік төрттікке кіретін кезін ұзақ күтті. Мадридтік ұжым Чемпиондар лигасының финалында бір мәрте ғана ойнаған – 1974 жылы. Сол кезде Брюссель қаласында аталмыш клуб «Бавариядан» 0:4 есебімен тас-талқан болып жеңілген еді.

Соңғы алты маусым бойы Чемпиондар Лигасын «Барселона» немесе осы клубты ұшырып жіберген команда жеңетін еді. Әрине, бұл – «Атлетико» үшін жақсы ырым. Мадридтік клубқа дейін «Бавария», «Челси, «Интер» және «Манчестер Юнайтед» «Барсаны» қапы қалдырып, Чемпиондар лигасының тұғырынан көрінген.

Диего Симеоне – жартылай финалға шыққан төрт бапкердің ішінде Чемпиондар Лигасын жаттықтырушы ретінде де, ойыншы ретінде де жеңіп көрмеген жалғыз маман. Алайда Диего «Атлетикомен» бірге екі жыл бұрын Еуропа Лигасын бағындырған болатын.

Чемпиондар Лигасының барлық кездесуін есепке алғанда «Атлетиконың» жартылайқорғаушысы Габи 116,683 км жүгіріп тастаған екен. Бұл көрсеткіш бойынша аталмыш футболшы дортмундтық «Боруссиядағы» Кевин Гросскройцке ғана жол береді.

Габи биылғы еуромаусымда 25 рет ойын тәртібін бұзыпты. Бұл көрсеткіш бойынша «Боруссияның» тағы бір ойыншысы Роберт Левандовскиймен бірге алғашқы қатарда. Жалпы, мадридтік клубтың ойыншылары осы турнирде ең көп ереже бұзған команда – 155 рет тәртіп бұзып, 23 мәрте сары қағаз еншілеген. Бірақ бұл командаға қарсы ереже бұзылған кездер де аз болмапты (141 рет).

«ЧЕЛСИ»

Лондондық клуб екі рет Чемпиондар лигасының финалына шыққан. 2008 жылы «Манчестер Юнайтедке» ойын соңындағы пенальтиден кейін жол берсе, 2012 жылы «Баварияның» алдын ораған болатын. Жалғасы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×