«Манчестер Юнайтед» командасының бас бапкері Дэвид Мойес қызметінен босатылды.
Өткен жексенбіде, яғни, Ағылшын Премьер лигасының 34 турында "Қызыл сойқандар" «Эвертон» командасынан 0:2 есебімен ұтылды. Мойес өзінің бұрынғы командасына қарсы ойында жеңіліп, Манчестер Юнайтедтің Чемпиондар Лигасына қатысуға деген үмітін үзді. Бұл жағдай "МЮ" тарихында 19 жыл бойы болмаған екен. Еуропа Лигасына қатысуға да мүмкіндігі аз. 57 ұпаймен турнир кестесінде 7 орында келеді.
Дэвид Мойес «МЮ» командасын 2013 жылы жаз айынан бастап жаттықтырған. Мойес 1986 жылдан бері «Манчестерді» жаттықтырып келген Алекс Фергюсонның орнына келген болатын. Келісім-шарт мерзімі 2016 жылға дейін жасалған. Алайда "МЮ" басшылығы келісім-шартты уақытынан бұрын бұзды.
Абылайхан ЖҰМАШ