Чемпиондар лигасы. КТК арнасындағы матчтар кестесі

17.02.2015, 18:40
Чемпиондар лигасы. КТК арнасындағы матчтар кестесі
Араға екі ай салып, УЕФА Чемпиондар лигасы футболсүйер қауымға қайта оралды. Қазақстандық жанкүйерлер плэй-офф кезеңіндегі алғашқы ойындарды КТК телеарнасынан көре алады.   Сонымен, бүгінгі, сейсенбілік матчтардан Парижде өтетін «ПСЖ» - «Челси» арасындағы кездесуді 01:30-да тікелей эфирден көре аласыздар. Ал украиналық «Шахтер» мен мюнхендік «Баварияның» теке-тіресін жазба нұсқада тамашауға болады. Басталуы – 03:35. Ал ертең тікелей эфирден Чемпиондар лигасының он дүркін жеңімпазы «Реал Мадридтің» германиялық «Шалькеге» қонаққа барар матчы 01:30-да көрсетіледі. «Базель» - «Порту» матчы жазба нұсқада – 03:35.  
  • Астана уақытымен
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×