Қазақстан – Молдова кездесуінің төрешісі белгілі болды

17.02.2015, 19:17
Қазақстан – Молдова кездесуінің төрешісі белгілі болды
Қазақстан мен Молдова құрамалары арасындағы кездесуде төрелік ететін қазылар құрамы анықталды. 18 ақпанда өтетін кездесуде ресейлік мамандар жұмыс жасайды. Дәлірек айтқанда, бас төреші қызметі Алексей Николаевқа сеніп тапсырылды. Оған алаң қапталында Валерий Данченко мен Алексей Воронцов көмектеседі. Төртінші қазы – Виталий Мешков. Алексей Николаев 2014 жылы Ресейдің үздік төрешісі атанғанын айта кетейік. Естеріңізге салсақ, Қазақстан мен Молдова арасындағы жолдастық кездесу ертең Астана уақытымен 22:00-де болады. Кездесуді тікелей эфирде «Хабар» телеарнасынан көре аласыздар.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×