Чемпиондар Лигасы. Лондонда мини-сенсация

05.11.2014, 16:52
Чемпиондар Лигасы. Лондонда мини-сенсация
Бельгиялық "Андерлехтың" футболшылары жанкүйерлерлерше естен кетпес матч сыйлады. Екі апта бұрын ғана Бельгияда ойынның аяғына дейін шыдап бағып, соңғы минуттарда ғана "Арсеналдан" екі гол жіберіп алған болатын. Ал бүгін, Лондонның төрінде 60-шы минутта 0-3 есебімен ұтылып жатып, есепті теңестіріп, жеңіске пара-пара тең нәтижені жұлып әкетті десек те болады. Тек, өз жеңістеріне ертең сеніп, босансығаны болмаса, "Арсеналдың" бұдан жағдайы қиындады деп айта алмаймыз. Қалған екі ойында кем дегенде бір ұпай алып жатса, ол келесі кезеңге жолдама алады. АрсеналАндерлехт 3:3(2:0) Голдар: Артета, 25 (пенальтиден), Санчес, 28, Окслейд-Чемберлен, 58 — Ванден Борре, 61, 73 (с пенальти), Митрович, 90 "Боруссия" түсініксіз команда соңғы кезде. Ішкі біріншілікте қатарынан бес ойында жеңіліп, 18-ші орынға дейін түседі де, ал Чемпиондар Лигасында кезіккеннің бәрінің сағын сындырады. Бүгін де солай болды. Қатарынан екінші рет Чезера Пранделли баптайтын "Галатаcaрайды" ірі есеппен ұтты. Мүмкін болған 12 ұпайдан 12 ұпай еншілеп дортундықтар плей-оффта. Боруссия ДГалатасарай 4:1(1:0) Голдар: Ройс, 39 — 1:0, Сократис, 56 — 2:0, Балта, 70 — 2:1, Иммобиле, 74 — 3:1, Кайя, 85 — 4:1 (өз қақпасына)
1   БОРУССИЯ Д 4 4 0 0  13-1 12
2   АРСЕНАЛ 4 2 1 1 9-7 7
3   АНДЕРЛЕХТ 4 0 2 2 5-9 2
4   ГАЛАТАСАРАЙ 4 0 1 3 3-13 1
Ең тартысты ойындадың бірі Лондонда болса, екіншісі Туринде өтті. Жергілікті "Ювентус" өзінің әдемі стадионы "Ювентус Стадиумда" "Олимпиакосты" қабылдады. Егер, бүгін Аллегри шәкірттері жеңіске жетпегенде, жағдай қиындай-тұғын. екі апта бұрын, дәл осы "Олимпиакосқа" Грекияда 0-1 есебімен есе жіберіп еді. Бүгін сол есені қайтарды. Әуелі 1-0 есебімен ұтылып жатып, кейін екі гол жіберіп, ақыр аяғында өздері екі гол салып, 3-2 есебімен жеңіске жетті. Енді бұл топтағы жағдай шиеленісті. Төрт команданың да плей-оффқа жолдама алар мүмкіндіктері бар. ЮвентусОлимпиакос3:2(1:1) Голдар:  Пирло 21’ – 1:0, Ботия 24’ – 1:1, Н'Динга 61’ – 1:2, Роберто 65’ (өз қақпасына) – 2:2, Погба 66’ – 3:2 "Атлетико" "Мальмені" тағы жеңді. Әрине, бүгін Мадридтегі секілді бәрі оңай бол қойған жоқ, дегенмен әр таймда бір-бір голдан тоғытқан Симоне шәкірттері 2-0 есебімен тізе бүктіріп, маңызды 3 ұпайды қоржынға салды. Испания чемпиондары 9 ұпаймен көш бастап тұрса, "Мальме" соңғы орында. МальмеАтлетико 0:2(0:1) Голдар: Коке, 30 — 0:1, Р.Гарсия, 79 — 0:2.
1   АТЛЕТИКО 4 3 0 1 10-3 9
2   ОЛИМПИАКОС 4 2 0 2 6-7 6
3   ЮВЕНТУС 4 2 0 2 5-4 6
4   МАЛЬМЕ 4 1 0 3 2-9 3
Негізі, Брендан Роджерс бұл ойыннан жақсы нәтижені күтпейтіндігін матчға шығарған негізгі құрамнан-ақ аңғару қиын емес-ті. Қосалқы құрамда Джеррард, Хендерсон, Коутиньо және жолы болмай жүрген Балотелли қалдырды. Ойын толықтай дерлік корольдік клубтың басымдылығымен өтті. Қақпашы Минольенің ғажайып ойыны болмағанда бірінші таймда-ақ, кем дегенде "Ливерпульдағы" есеп қайталанатын еді. Бірақ, Бензема салған бір голмен шектелді. Екінші таймда есепті еселер бірнеше мүмкіндіктері болған. Роналдуда екі-үш рет, Бенземада да, ал Бэйл қақпа маңдайшасын тепті. Дегенмен де, 1-0 есебі матчы толық көрмеген адамға, алдамшы сезім тудырар, бірақ, шындығында мадридтіктер сенімді, әрі оңай жеңіске қол жеткізді. Реал-Ливерпуль 1:0(1:0) Гол: Бензема, 27. Швейцария чемпионы "Базель" өз алаңында Лудогорецті тас-талқан етті. Сонымен, екі апта бұрынғы жеңілісі үшін, өз жанкүйерлерінің көңілін бір көтеріп қойды десек те болады. Есеп 4-0! Төрт турдан кейін "Базельдің' еншісінде 6 ұпай. Корольдік клубқа қарсы мүмкіндігі аз, олардың плей-оффқа жолдама алу-алмауы "Ливерпульмен" ашық шайқаста шешілетін болады. БазельЛудогорец 4:0(2:0) Голдар: Эмьболо, 34 — 1:0, Гонсалес, 41 — 2:0, Гаши, 59 — 3:0, Сухи, 65 — 4:0.
1   РЕАЛ МАДРИД 4 4 0 0 11-2 12
2   БАЗЕЛЬ 4 2 0 2 6-6 6
3   ЛИВЕРПУЛЬ 4 1 0 3 2-6 3
4   ЛУДОГОРЕЦ 4 1 0 3 3-8 3
Ресейдің күміс жүлдегері қатысып жатқан топқа көз жүгіртелік. "Зенит" үшін топтық кезең жаман басталмап еді. Бірінші ойында қонақта "Бенфиканы" тізе бүктірді, кейін Петерборда "Монакомен" тең түсті. Бірақ, кейінгі екі ойын олардың қандай деңгейде, Еуропадағы орнын нұсқағандай. Алғашқы екі ойыннан кейін, мақсатымыз Чемпиондар Лигасының жартылай финалы деген еді. Бундеслиганың 3-ші командасынан айла асыра алмай жатқанда қайдағы жартылай финал? Екі апта бұрын Германияда жеңілсе, бүгін міне өз алаңында да есе жіберді. Ойындағы басымдылық толықтай немістер қолында болды. Зенит-Байер 1:2(0:0) Голы: Рондон, 89 — Сон, 68, 75 Жоқ, "Зениттің" мүмкіндігі жоқ емес, келесі кезеңге жолдама алуға. Сондай мүмкіндікті "Бенфика" сыйлады. "Монаконы" 1-0 есебімен жеңіп, олар топтағы жағдайды шиеленістірді десек те болады. "Байер" плей-оффқа шығары түсінікті, ал екінші жолдамаға "Монако", "Зенит", "Бенфика" үшеуі таласып көрмек. БенфикаМонако 1:0(0:0) Гол: Талиска, 82 — 1:0.
1   БАЙЕР 4 3 0 1 7-3 9
2   МОНАКО 4 1 2 1 1-1 5
3   ЗЕНИТ 4 1 1 2 3-4 4
4   БЕНФИКА 4 1 1 2 2-5 4
Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×