"Боруссия" алғашқы жолдамаға ие болуы керек

04.11.2014, 02:08
"Боруссия" алғашқы жолдамаға ие болуы керек
4-қараша Чемпиондар лигасының 4-туры болатын күн. Сәрсенбі күні де тағы да сегіз ойын жоспарда бар. Ал біз, "Аладоп.кз" сайты алдыменен бірінші күннің ойындарына болжам бере кеткенді жөн санаған едік. Өткен жолғы 3-турдың болжамдары 80-пайызға дәл келді. Ал бұл жолғы сәуегейлік қаншалықты болатынын матчтар аяқталған соң көре жатармыз.
04.11 Мальме (Швеция) - Атлетико (Испания)Ж2 - 1.29Өз алаңында қорғанысқа жантайып жатып алатын "Мальме" тегеурінді қарсылық көрсетеді. Бірақ, испаниялықтарға ұпай ауадай қажет. Олимпиакосты жеңгенімен, Мадридтік "Атлетикоға" олардың шамасы жете қоймас. "Ювентус" осы турда 3 ұпай алса, алғашқы орындарға көтерілу үшін тек қана 3 ұпай қажет. Сондықтан да, Диего Симионенің шәкірттері жеңеді деп күтеміз. А - тобы
04.11 Ювентус (Италия) - Олимпиакос (Грекия)Ж1 - 1.283-турда "Юве" сырт алаңда дәл осы командаға жеңіліп қалған болатын. Енді, сол жеңілістің қарымы қайтатын кез жетті. Буффонның қақпасына бұл матчта гол да кірмейтін секілді. Сондықтан да -1,5 фораны алғанша алаң иелерінің жеңісіне қойғанды жөн санадық.  А - тобы
04.11 Реал (М, Испания) - Ливерпуль (Англия)Реал М форамен (-1) - 1.328 турда қатарынан гол соққан Криштиану Роналду бұл матчта да бір гол соғатын шығар. Ол түрлі турнирлерде рекорд жаңартып жүр. "Ливерпуль" болса қиын жағдайда. Бұл команданың әлі әзір Мадридте Реалды ұтатын шамасы жоқ. Толықтай алаң иелерінің басымдылығымен өтетін ойында Реал тағы да ірі есеппен жеңіске жетуі ықтимал. B - тобы
04.11 Базель (Швейцария) - Лудогорец (Болгария)Ж1 - 1.78Болгариялық команданың осы қазірге дейін көрсеткені төмен көрсеткіш емес. Топтық кезеңге өтіп, өте тамаша ойын жасаған олар бұл жолы негізгі бәсекелеспен матч өткізбек. Қорғаныс та, қақпашы да мығым. Бірақ, "Базель" азды-кем жиған тәжірибиесіне сүйенсе, мақсаттарына жетуі мүмкін. Ал олардың мақсаты осы күні топтағы екінші орынды алу. Және ары қарай плэй-оффқа жолдама алу. Ол үшін бұл матчта швейцариялықтар міндетті түрде жеңіске жетуі тиіс. B - тобы
04.11 Зенит (Ресей) - Байер (Германия)Зенит соғады: иә - 1.22Санкт-Петерборда осы күндері ауа-райы немістер үшін қолайсыз.  "Байер" командасына кем дегенде тең нәтиже керек. Ал "Зенит" плэй-офтты ойласа осы матчта жеңіске жетуі керек. Менің ойымша орыстар бір гол соғуға шамалары жетіп те қалады. Ал түгел матчтың тағдырын айту артықтау деп білемін. C - тобы
04.11 Бенфика (Португалия) - Монако (Франция)Бенфика соғады: иә - 1.23Өткен матчта гол соғылмады. Францияда өткен ойында қонақтар жеңіске жетудің сәл ақ алдында болды. Енді өз алаңында "Бенфика" барын салмақ. Ал егер француздар қорғанысқа қамалып алса, онда кем дегенде "Бенфика" 1 гол соқпақ. Болжам осы. C - тобы
04.11 Арсенал (Англия) - Андерлехт (Бельгия)Ж1 - 1.3390 пайыздық сеніммен айта аламын. "Арсенал" жеңіске жетеді! Чемпионаттағы соңғы ойында Арсен Венгер командасы жақсы жеңіске жетті. Алексис Санчес гол соға бастады. Бельгиядағы матчтың соңғы минуттары ағылшындар үшін өте сәтті болды. Енді бұл жолы олар, байқап ойнап, сәттілікке емес, сенімділікке күш қояады. Есеп 3-0-дің шамасы. D - тобы
04.11 Боруссия (Д, Германия) - Галатасарай (Түркия)Боруссия Д. форамен (-1) - 1.28Сырт алаңда 4-0 есебімен ұтқан "Боруссия" "Сигнал Идуна Паркте" "Галатасарайды" әбден қинайтыны түсінікті. Оның үстіне "аралар" өте ашулы. Өткен турда олар "Баварияға" соңғы минуттарда жол берді. Осы ойында алаң иелері жеңіске жетсе, онда 12-ұпайменен плэй-офф ойындарына 100 пайыз жолдама алады. Бұл матчқа бастапқыда "Боруссия" тоталы 1,5 көп деп қойғым да келген. Соңында шешімді өзгерттім. D - тобы
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×