Чемпиондар Лигасы. Пеллегрини командасының сын сағаты

10.12.2014, 20:46
Чемпиондар Лигасы. Пеллегрини командасының сын сағаты
Сәрсенбінің түніндегі(немесе бейсенбінің таңы. Қалауыңыз білсің) матчтармен Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі аяқталмақ. Бүгінгі ойындар кейбір командалар үшін сын сағаты. Әсіресе, Мюнхендегі, Римдегі кездесулердің қорытындысы командалардың тағдырына әсер етпек. Сонымен қатар, кім мықтыны анықтайтын Барселонадағы "супер-матч" та бүгінгі түннің айтулы оқиғасы болары түсінікті. Түн ұйқымызды ұрлаған Чемпиондар Лигасының бүгінгі ойындарына көз жүгіртелік. "Рома"-"Манчестер Сити" Пеллегрини "Манчестер Ситидің" деңгейіндегі жаттықтырушы емес деп қақсайтынның бірі менмін. Әрине, Англияда командамен былтыр чемпиондыққа қол жеткізді, келісемін. Жозенің бірінші маусымында, онымен қоса Чемпиондар Лигасына да алаңдап жүргенінде. "Қызыл сойқандардың" құлдырау кезіңде, "Ливерпульдің" өзге емес, өзіңе жеңілгенінде. Пеллегринидің Манчестері жауапты сәтте бәсекелестікке шыдамайды. Былтырғы плей-оффтағы "Барсамен" ойыны осы сөзіме дәлел. Ол "Барселона" соншалықты қорқынышты емес екен. Ширек финалда Симоненің жігіттері оны айқындап берді. Бүгін де сол жағдай. Енді плей-оффқа шығуы-шықпауы Римде шешілмек. Міндетті түрде жеңуі тиіс. Премьер-Лиганың соңғы ойынында жарақат алып, кемінде бір айға алаңға шығу мүмкіндігінен айырылған Агуэросыз "қалалықтардың" шабуыл шебін елестету қиын. Дәл осы ойыншы "Бавариямен" болған ойында команданы "сүйреп" шыққан болатын. Премьер-Лигадағы екінші орын да аргентиналық сұрмергеннің шеберлігінің арқасы. Пеллегрини үшін жақсы жаңалық та жоқ емес. Сильва жарақаттан толықтай айығып, мачтқа шығуға дайын. Бірақ, біраз уақыт өмірін жас алаңнан тыс өткізген жартылай қорғаушы бабында ма, бабында болған күннің өзіңде оның еңбегін голға ұластырар шабуылшы бар ма? Мәселе тағы Агуэроға келіп тіреледі. ""Манчестер сити Агуэроға бағынышты екенін көріп отырмыз. Ағылшындар үшін Римді жаулау қиынға соқпақ.
1  БАВАРИЯ 5 4 0 1 13-4 12
2  РОМА 5 1 2 2 8-12 5
3  ЦСКА 5 1 2 2 6-10 5
4  МАНЧЕСТЕР СИТИ 5 1 2 2 7-8 5
  "Бавария"-"ЦСКА" Леонид Слуцкий шәкірттері Ресей алдында да, Еуропа алдында да дәлелдейтін дүниесін дәлелдеді. Алғашқы ойында, бірінші турда "Ромадан" ойсырай жеңілгеннен кейін, "ЦСКА"-ға сенуден қалған. Бір ұпай алса шүкір дейміз деп, пессимистік көз қараспен да қараған еді. Бірақ, Слуцкий білікті маман. "Зениттің" қаржысы қалтасына сыймай, командасын әлемдік жұлдыздармен толтырып жатқанда, Леонид екі жыл қатарынан "ЦСКА"-ны Ресейдің чемпионы деген атақтан айырған емес. Соңғы турда "Манчестер Сити", "Ромалармен" ұпайы тең болып, плей-оффқа шығуға мүмкіндігі болады деп кім ойлаған? Бүгін "Альянс-Аренаға" қонаққа барады армияшылар. Келесі кезеңге жолдама алу үшін, өздері "Баварияны" жеңіп... "Рома" мен "Манчестер Сити" арасындағы кездесу тең аяқталуын тілеу керек. Әрине, немістерге бұл ойынның нәтижесі керегі де жоқ. Бірақ, "Бавария", Гвариоланың "Бавариясы" ешқашан ешбір матчқа немқұрайлы қарамайды. "Альянс-Арена" кәрі құрлықтағы ғана емес, дүние жүзіндегі тамаша стадиондардың бірі. Бавария кіммен ойнамасың ине шаншарлық орын болмайтыны белгілі. Сондықтан Гвардиола алаңға екінші құрамның ойыншыларын шығарса да, жеңісті талап ететін жанкүйерлері алдында барын салады. Мүмкін, "ЦСКА" жеңе алмас, тіпті Еуропа Лигасына да жолдама ала алмас. Бірақ, Леонид Слуцкий "ЦСКА"-сына Италияның вице-чемпионы, Англияның чемпионымен ақырына дейін жолдамаға таласқаны үшін қошемет көрсетуге болады. "Челси"-"Спортинг" "Марибор"-"Шальке"
1  ЧЕЛСИ 5 3 2 0 14-2 11
2  СПОРТИНГ 5 2 1 2 11-9 7
3  ШАЛЬКЕ 5 1 2 2 8-14 5
4  МАРИБОР 5 0 3 2 4-12 3
  Лондондық "Челсиға" бұл матчтың қажеті шамалы. Жозеге екінші құрамның ойыншыларын сынап көруге берілген мүмкіндік деп қарасақ қана болады. Ал, "Спортингке" екінші ойынның нәтижесіне бағынышты болмас үшін тең нәтиженің өзі жеткілікті. Әрине, бұл ойынның нәтижесі "Челсиге" байланысты. Егер де, португалиялық маман алаңға қосалқы құрамды, немесе жартылай қосалқы құрамды шығарар болса, тең нәтижеге "Спортингке" үміт артуға болады. "Марибор"-"Шальке". Екі команданың да еурокубоктегі плей-офттан үміті бар. Бірақ, екі түрлі плей-офф. "Марибор" жеңіске жетсе Еуропа Лигасында өнер көрсетпек. Ал, "Шальке" өз алаңында "Челсиден" ойсыраған соң(0:5), футболды қалай ойнау керектігін үйренген секілді. Бундеслигадағы соңғы екі ойында "Майнц" пен "Штутгартты" ірі есеппен жеңді. Чемпиондар Лигасында жарыс жолын жалғастыру үшін, "Шалькеге" жеңіске жетіп, "Спортингтің" Стэмфорд Бриджда ұпай алмауын тілеу керек. "Барселона"-"ПСЖ" Егер, "Рома"-"Манчестер Сити" кездесуінің турнирлік жағынан маңыздылығын ескермесек, бүгінгі түннің орталық ойыны. Екеуі де келесі кезеңге жолдама алып қойса да, бүгін "Камп Ноу" алаңында барын салары анық. Әсіресе, Златан Ибрагимович. Өзі өнер көрсеткен барлық командада швед футболшы-таэквандошысы өзінің мықтылығын дәлелдеді. "Аякс", "Интер", "Ювентус", "Милан", "ПСЖ"! Бірақ, осы "Барселонада" Мессидің көлеңкесінен шыға алмағаны белгілі. Сондықтан, Златан бұрыңғы командасын "Камп Ноуымен" қосып сан соқтыруға әбден тырысары түсінікті. Қалай болғанда да қызықты матч болғалы тұр.
1  ПСЖ 5 4 1 0 9-4 13
2  БАРСЕЛОНА 5 4 0 1 12-4 12
3  АЯКС 5 0 2 3 4-10 2
4  АПОЭЛ 5 0 1 4 1-8 1
    Негізі, париждіктерге тең нәтиженің өзі жеткілікті. Ал, Барселона плей-оффта "Бавария", "Челси" секілді алыптармен жолықпасы үшін қалай болмасын жеңуі тиіс. Онымен қоса, Париждегі жеңіліс тағы бар. Осындай айтулы матчты жіберіп алмаңыздар ағайын. Кездесуді тікелей эфирде КТК арнасынан сағат 1:45 те тамашалай аласыздар.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×