Чемпиондар Лигасы. Плей-офф алдындағы аз-кем ой

07.02.2014, 16:50
Чемпиондар Лигасы. Плей-офф алдындағы аз-кем ой
Өткен жылы, еліміз егемен болып, қазағымыз тәуелсіздік атты табалдырықтан аттағанына 22 жыл толған күні, Францияның Ньон қаласында Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребесі тартылған болатын. Сейсенбі күнінен бастап, Еуропаның үздік 16 командасы, дүние жүзіндегі ең үздік клубтық турнирде өз кездесулерін өткізуді бастамақ. Сол жұптарды еске түсіріп, кімнің осал, кімнің мықты екенін, кімнің келесі кезеңге өтуге мүмкіндігі жоғары екендігін саралап көруді ұйғардық.  "Манчестер Сити"-"Барселона" Бұл командалар жеребе кезіңде бірінші болып таңдалған еді. "Қалалықтардың" көп жанкүйерлері сүйікті командасының өз тобында екінші орын алып қалғанда әділетсіздік деп таныған. Әсіресе, соңғы турдағы қарқыны мықты "Баварияны" "Альянс-Аренада" тізе бүктіргенінен кейін. Қалай болған күннің өзінде де олардың жөні бар екен. Міне қарсылас сіздерге... "Барселона"! Атының өзі қорқынышты иә... Бірақ, бұл командаға да қарсы ойнауға болатындығын, былтыр таптаған "Бавария" да, жақында ғана "Камп Ноуда" 3 ұпайды еншілеген "Валенсия" да дәлелдеген. "Барселона" Гвардиола кеткеннен кейін психологиялық проблемаға тап болды. Шыны керек, аты болмаса затынан ешкім сескенбейді қазір. Ал, "қалалықтар" "Челсимен" болған ойында жартылай қорғанысының осал екендіктерін көрсетті. Жозенің тактикасына Пеллегрни қарсы қару таба алмады. Егер "Барса" жеңіске жетем десе, бірінші ойында қонақта "Эттихад" стадионында ашық футбол ойнаудың керегі жоқ. Бұны, Мартино да ескеріп Жозеден үлгі алар. Егер "Барсаның" құрамында Месси болса, онда "Манчестер" де стратег Пеллегрини бар. Бір қызығы, осы жаттықтырушы "Реалдың" тізгінін ұстаса да, бұл кезеңді "Вильяреал", "Малага" сияқты командалармен бағындырған. Егер Пеллгрини Чемпиондар лигасының тіс қаққан маманы болса, Мартино Чемпиондар Лигасының дәмін осы жылы ғана сезінуде. Бұны да ұйғарған жөн. Сондықтан, бұл екі ұжымның мүмкіндігі бірдей, келесі кезеңге өтуге деген бағам бар. Кім біледі, келесі кезеңде "қалалықтарды" көріп жатсам бір пайыз да таңданбаймын. "Бавария"-"Арсенал" Былтыр да тура осы кезеңде, яғни 1/8 финалда бұл екі команда кездескен болатын. "Эмерейтсте" өткен бірінші ойында "Бавария" еш қиындықсыз-ақ жеңіске 3-1 есебімен жеңісті жұлып әкеткен. Германиядағы, екінші ойындағы нәтижені немістердің қарқының бәсеңдетуі дейміз бе, әлде, Арсен Венгердің өз шәкірттеріне жігерлендірер сөздер айтып, жеңіске ұмтылдырғаны дейміз бе, әйтеуір, 91-ші минутта есеп "Арсенал" пайдасына 2-0 болып таблода тұрған. Әрине, ары қарай, қонақта 1 голға артық салғанына байланысты, "Бавария" өткен. Одан бері біраз уақыт өтті. "Баварияда" жаңа жаттықтырушы, Еуропа чемпионы дегендей.... Ал, "Арсенал" ше? Бұл ұжым осы маусымда қызығарлық ойын өрнегін көрсетіп, Примьер-Лигада көш басында тұр. Бірақ, мықты командармен ойнаған кезде әлі де, біраз осалдығы бар. Мысалы, Чемпиондар Лигасындағы "Боруссия" мен "Наполиге" жеңілуі, чемпионатта қос "Манчестерлік" командаға жеңілуі осыған дәлел. "Бавария" Еуропа чемпионы ретінде өз пойызын плей-оффтың бірінші кезеңінде-ақ тоқтатып қоймасы анық. Гвардиола да бұндай масқаралыққа жол бермеуге тырысады. Бұл тұрғыдан келгенде, "зеңбірекшілерге" жеребе күліп қарады деп айта алмамыз. "Милан"-"Атлетико Мадрид" Ресейлік "Зенитттің" топтық кезеңдегі қарсыласы, плей-оффқа шыққан жалғыз итальяндық командамен кездеседі. Бұл жұпта "Милан" аутсайдер. Өзгеге емес, өзіңдікіне сен деген қағиданы ұстаған Берлуссконы командаға жаттықтырушы етіп Зеедорфты таңдаған еді. Бірақ, "Миланда" қазір тұрақты ойын өрнегі жоқ. "Миланның" қазіргі таңдағы "Атлетиконы" жеңеді дегенге сену қиын. Қарқыны мықты "Атлетиконың". Мүмкін сіз соңғы кездесуде "Реалдан" 0-3 есебімен жеңілгеннен кейін, маған қарсы шығасыз әлбетте. Бірақ, кейде бір матч пен таблодағы есеп үйлеспей жатады. Онда да тура осы жағдай. Қазіргі таңдағы Испанияның ең үздік командасы. Бәлкім, екі алпауытпен, яғни "Барса" және "Реалмен" салыстырғанда финансының көлемі жағынан, құрамындағы жұлдыздардың саны жағынан, ойыншыларының жейдесінің базарда сатылуы жөнінен, аталмыш екеуіне ілесе алмауы анық. Футболға бұл жағынан емес, басқа тұрғыдан баға береріміз анық сіз бен біздің      "Галатасарай"-"Челси" Лондондық клубтың көп ойыншыларынан: “плей-оффта қай командамен кездескін келмес еді?”-деп сұрағанда көбі "Галатасараймен" деген екен. Бұл түркиялық командадан немесе Роберто Манчиниден қорқу емес. Енді неге дейсіз ғой? Себебі, "Галатасарай" құрамында "қара маржан" Дидье Дрогба ойнайтындықтан. Біріншіден, бірнеше жыл бойы "Челси" сапында өнер көрсеткендіктен, екіншіден, Дрогбадай сұр мергенді қай ойыншы өзіне қарсылас ретінде көргісі келеді дейсіз?  Әрине, екеуінің біріншісі басым. Жақында ғана "ақсүйектердің" лидері атанып жүрген, және Чех екеуі, "Баварияға" қарсы ойында Роман Абрамовичке, сонша аңсаған Чемпиондар Лигасының кубогін жеңіп берген. Енді, міне қарсылас енді бұлар. "Стэмфорд Бридж" Дрогбаны қалай қарсы алады дегендей? Жақында ғана "Ювентус" төтеп бере алмаған "түріктер тозағына" төтеп бере алмаған түріктер тозағына шыдай ала Моуриньо шәкірттері? "Галатасарай" былтырғы жетістігін қайталай ала ма? "Шальке 04"-"Реал Мадрид" Қуаныштарында шек болмаған шығар, сірә, "корольдік клуб" өкілдерінің. Бұл екі команданың арасы, қазіргі таңда жер мен көктей. "Шальке" "корольдік клуб" үшін өте осал қарсылас. Өзінің осалдығын топтық турнирдегі, "Челсиге" қарсы екі ойында да ойсырай жеңілуінен-ақ көрсетіп қойған. Негізі, плей-оффқа шығуға "Шальке" емес, "Базель" лайықты ма еді дейсің.. Неге? Себебі, Моуриньо шәкірттерін екі ойында да тізе бүктірген команда, "Реал Мадридке" қиындық туғызбайтынына сенімдісіз бе? Бұл-бір. Екіншіден, "Шалькемен" болған екі кездесуде де немістерден артық түспесе, кем түскен жоқ. Қалай ғана, екі ойын қорытындысы бойынша, 1 ұпай еншілегені түсініксіз. Бірақ, менің бұл ойым "Шалькенің" жетістігін жоққа шығара алмайды. Болған жағдай тарих демекші, оны өшіріп тастай алмасың. Бірақ, топтық кезеңде "Галатасарайдың" басына туған күн, "Шалькенің" басына да туып жатса таңғалмаңыздар. Яғни, ойсырай жеңіліп жатса дегенім ғой..   "Олимпиакос"-"Манчестер Юнайтед" Түсінікті де, түсініксіз жұптардың бірі. Бір қарағанда "Олимпиакосқа" мүмкіндік жоқ. Ал, екінші қарағанда олай ойламайсың. "Манчестер" осы маусымда өзгерді. Команда жаңадан құрылып жатыр. Алыптармен санасар қауқары жоқ Дэвид Мойес келгелі. Ортаң қол, аутсайдер командалармен есепсіз сүрінді.  "Олимпиакос" топтық кезеңде "Бенфиканы"" артта қалдырды. Бұның өзі жетістік гректер үшін. Ал, "қызыл сойқандарды" тізе бүктіріп, 1/4 финалға жолдама алады деуге сенудің қиынырақ болып тұрғаны.. "Манчестер Юнайтед" қандай қиын жағдайда болмасын, кім жаттықтырмасын, Еуропаның топ-клубының бірі болып қала бермек! Ол "Сенім мен төзім" атты мақалада да айтылған болатын. Сондықтан "қызыл сойқандар", АПЛ дегі ортаң қол командаларды жеңе алмаса да, Еуропаның ортаң қол командасын Чемпиондар лигасында тізе бүктірері хақ.   "Байер Леверкузен"-"ПСЖ" Германияның екінші орындағы командасы мен Францияның көшбасшысы кездеспек. Бұл жұп жайлы бірденке деудің өзі қиын. "ПСЖ"-ның мықты, ойыншыларының тәжірбиелері мол, кез келген ойын тағдырын шешіп кете алар Златтан бар. Кем дегенде жартылай финалға шықпақ ойы бар  париждіктердің. Бұл жұпта фаворит "ПСЖ", және іс жұзінде де солай болатын секілді..   "Зенит"-"Боруссия Дортмунд" "Зенит" қарсыласы кім болуы керектігін ресей жанкүйерлері, жеребе алдында біраз талқылаған болатын. Кейбіреулер "Манчестер Юнайтед" немесе "Челси" болсын деді. "Юнайтедтің" қазіргі жағдайы қиын, ал Жозе шәкірттері жанкүйерлер күткен ойын көрсете алмай жүрген-мыс. Кейбір жанкүйерлер, "ПСЖ" болса екен деді. Олардың еурокубоктегі тәжірбиесі аздау екен. Соқыр жеребе ешкімнің тілегіне қарамайды. Былтырғы маусымның финалистері "Боруссияны" шығара келді. "Боруссия" былтырғымен салыстырғанда, биыл осал. Бундеслигада, былтыр тек "Баварияны" ғана алдына жіберсе, биыл дортмындық клубтан "Байер" де ұзап бара жатыр.  "Боруссия" осалдығы жарақаттардың қырсығы. Ойлап қарасаңыз кейбір негізгі ойыншыларсыз, топтық кезеңде  "Арсенал", "Наполи" сияқты қарсыластар арасынан бірінші орынмен шыққаны таңдай қақтырарлықтай жағдай. Ал, "Зенит" топтық кезеңнен әупірімдеп жүріп өтті. Егер "Наполи" керемет ойын өрнегін көрсетіп 12 ұпаймен плей-оффқа жолдама ала алмаса, сары орыстар 6 ұпаймен 16 үздік команданың арасынан табыла кеткені бар. Егер, қорғанысқа 11 ойыншымен жайылған шошқаша жатып алып, қақпаларын күзетіп, құдайдан сәттілікті тілемесе, орыстарда басқа мүмкіндік жоқ.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×