Чемпиондар Лигасы. Қарымта кездесулер жайлы. 2-ші бөлім

17.03.2015, 23:48
Чемпиондар Лигасы. Қарымта кездесулер жайлы. 2-ші бөлім
Сейсенбі-сәрсенбінің түнінде Чемпиондар Лигасының ширек финалында күш сынасатын командаларды толықтай білетін боламыз. Өткен аптада "ПСЖ", "Бавария", "Реал Мадрид", "Порту" үздік сегіздің қатарынан орын алып қойса, осы аптаның ортасында келесі кезеңге жолдама алған тағы төрт ұжым есімі белгілі болады. "Аладоп" сайты, 17-18 наурыз күндері  Чемпиондар Лигасының аясында өтетін ойындарға алдын-ала сапар жасап, сараптамалық-шолуын жасамақ.  "Боруссия Д"-"Ювентус" 18-ші наурыз. "Сигнал Идуна Парк" стадионы. 01:45 Сапарымызды Дортмунд қаласындағы "Вестфаленштадионнан" басталық. Мұнда жергілікті "Боруссия" Италия чемпионы "Ювентусты" қабылдайды. Турин қаласындағы алғашқы кездесуінде 2:1 есебі тіркеліп, "кәрі сеньоранының" жеңісімен аяқталған еді. Қонақтағы Ройстың салған голы-"араларға" берілген тамаша мүмкіндік. Клопп шәкірттеріне бір нәтижелі шабуыл жасап, қақпасын голдан аман сақтаса жеткілікті. Бірақ, бұған қауқары жете ме? "Боруссия" өз ойынын қайта жоғалтқан секілді. Бундеслиганың алдынғы турында "Гамбургпен" қонақта 0:0 ойнап, "бұлыңғыр" матч өткізді, өткен турда өз алаңында "Кельннің" қақпасына гол тоғыта алмай, тағы да сол есеппен кездесуді аяқтады. "Боруссия" әр ойында шабуылдауын шабуылдайды, бірақ олардың біреуін де голмен аяқтай алмаса, ұнжырғасы тез түсетін команда. Ал, "Ювентустың" қорғанысының мығым екенін білеміз. Туриндік команда есептегі басымдылықты қалай ұстап тұру керектігін біледі. Не дегенмен, италияндықтар ғой. Прaгматиканың не екенін оларға үйретпесе де болады. Дортмундтағы ойынның қалай айтарын болжау қиын. Мадрид пен Лондондағы шағын триллерден кейін, болжам айтудан айнығанымыз да бар. Кім жеңсе де, ширек финалға мықтының шығаты түсінікті. "Боруссия Д"-"Ювентус" жұбы бұл сізге "Порту"-"Базель" емес. "Атлетико"-"Байер" 17-ші наурыз. "Висенте Кальдерон" стадионы. 01:45 Өз алаңында күтпеген жерден жеңіске жеткен "Байерді", Мадридте үлкен сынақ күтіп тұр. Германияда 1:0 есебмімен жеңгенімен, "Висенте Кальдеронда" "матрасниктер" фаворит есептелетінін Рогер Шмидт жақсы түсінеді. Симоне командасының маторы бір от алса өшіру қиын. Таптап өтеді. Предлагаем вашему вниманию анонс ответного матча 1/8 финала Лиги чемпионов «Атлетико» - «Байер» Бірақ, ақпанның басындағы мадридтік дербиден кейін" Атлетиконың" жүрісі ақсаңдады. Команда бір рет қана жеңіске жетті. Онда да "Альмерия". Ішкі біріншілікте алтынға таласу мүмкіндігінен айырылды. "Валенсия" мен "Севильяның" да қауқары мықты. Оңайлықпен 3-ші орынды бермейді. Ал, Байердің жағдайы керісінше. "Атлетиконы" жеңгеннен кейін, Бундеслигада қатарынан 4 ойында жеңіске жетті. Әр матчта бір голдан артық өткізетін команда қорғанысында тұрақтылық пайда болды. Бұл "матрасниктерге" қарсы басты компоненттің бірі. Леверкузендітердің бүгінгі басты тапсырмасы қорғану, 1:0 есебін қорғау. "Монако"-"Арсенал" 17-ші наурыз. "Луи 2" стадионы. 01:45 Предлагаем вашему вниманию анонс ответного матча 1/8 финала Лиги чемпионов «Монако» - «Арсенал». Ағылшын Премьер-Лигасының деңгейі төмендеді деген әңгімелер шындыққа ұласатын да секілді. Бір кездері ширек финалда Англияның төрт ұжымын кездестірен едік. Ал, бүгінде ағылшын клубтары ширек финалсыз қалғалы тұр. "Ақсүйектер" қош айтысты. "Зеңбірекшілердің" мүмкіндігі аз. "Қалалықтар" бөлек әңгіме. Шындығына келгенде бұл жағдай ағылшын футболы үшін масқаралық. Француздық ұжымдар ағылшын клубтарының бас шабары болып тұр. Монако да жерлестері секілді ширек финалға жолдама аламын десе, өз алаңында қонақтағы 3:1 есебін қорғауға тиіс. Қорғаныста тығыз, бекем ойнайтын Жардим командасы үшін бұл қиындық туғызбаса керек. "Барселона"-"Манчестер Сити" 18-ші наурыз. "Камп Ноу" стадионы. 01:45 Командадағы тәжірбиелі футболшылардың, жұлдыздардың саны шамалас болса да "Манчестер Сити" мен "Барселона" арасы аспан мен жердей. Барселона секілді ұлы клуб атану үшін тарихын бай болу керек. Халықаралық турнирлерде тұрақты нәтиже көрсетемін десең, алдымен өз мектебіннің түлектерін тәрбиелеп жыл сайын тым болмаса біреуін негізгі құрамға қосып отыру керек. Әлемнің жұлдыздарын жинап алып, аз уақытта нәтижеге қол жеткізу қиындау(oндай іс әлемде Фларентино Перестің қолынан ғана келеді). Әйткенмен, мығым іргетас қалап алған дұрыс қой. Онымен қоса, командадағы футболшылар алаңда шейхтар ұсынған миллион үшін емес, жүректің тұсындағы таңба үшін шайқасатын болады. Бірінші ойында бір жәйтқа қана таңғалдым. Қалайша, "Барселона" ірі есеппен жеңіске жетпеді. 1:2 есебі емес, 0:5, 1:5 тіркелуі тиіс еді. 1:2 есебі тіркелгені "Манчестер Ситидің" жанын салып, қаймықпай күрескенін емес, "блаугрананың" екінші таймда толықтай босаңсуын көрсетсе керек. Қарымта ойында "Манчестер Ситиден" не күтеміз? Ештене! Дәл бүгінгі "Барселонадан" екі есе осал "Барселона", былтыр дәл осы кезеңде Пеллегриниге топ-клуб қалай ойнау керектігін көрсетіп берген еді. Содан бері бір жыл өтті. Команданы нағыз топтық деңгейге көтеретіндей Пеллегриниде бір жыл уақыт болды. Сонша уақытта түк ойлап таппаған Пеллегрини, айналдырған үш аптаның ішінде не ойлап табады дейсіз? Әне, "ПСЖ"-ға қараңыз. Былтырғы қателігіне сабақ алып, "Челсидің" сағын сындырды. Лоран Бланнан үлгі алыңыз, Пеллегрини мырза! Болашақта, "Манчестер Сити" секілді клубтарды тізгіндеп жатсаңыз. Себебі осы маусымның аяғында орнынызда қалуыңыз екіталай.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ          
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×