Чемпиондар Лигасының 5-ші турындағы үздік голы анықталды (Видео)

Абзалұлы Шерхан
Бас редактор
05.12.2020, 02:46

Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің 5-ші турындағы үздік гол номинациясы бұл жолы Антуан Гризманнға бұйырды.

Француз ойыншысы каталондық "Барселонамен" бірге "Френцварошке" (3:0) қарсы өткен ойында есеп ашқан болатын. 14-ші минутта Жорди Альбаның пасынан кейін Гризманн өкшемен гол соқты.

Сондай ақ үздік голға үміткер болған ойыншылар арасында "Мидьтюланд" қорғаушысы Александр Шольц, "Истанбул Башакшехир" жартылай қорғаушысы Ирфан Кахведжи мен "Олимпиакостық" Мохамед Камарда бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×