Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы анықталды

31.05.2022, 22:46
Турнирдің үздік жас ойыншысының да есімі белгілі болды.
Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы анықталды

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Карим Бензема УЕФА Чемпиондар лигасының осы маусымдағы үздік ойыншысы атанды.

Бензема 12 матчта 15 гол соғып, турнирдің үздік сұрмергені атанды. Айта кетерлігі, 10 голды 34 жастағы француз шабуылшысы плей-офф кезеңінде соқты.

Ал Винисиус Жуниор Чемпиондар лигасының осы маусымдағы үздік жас ойыншысы деп танылды.

Аталмыш турнирде 21 жастағы бразилиялық шабуылшы 13 матч өткізіп, 4 гол мен 6 нәтижелі пасты өз атына жазды.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының финалдық ойынында мадридтік «Реал» «Ливерпульді» 1:0 есебімен жеңген болатын. Матчтағы жалғыз әрі жеңісті голды Винисиус Жуниор соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×