ЧЛ Финалы 2015 жылы қайда өтеді?

24.05.2013, 20:12
ЧЛ Финалы 2015 жылы қайда өтеді?

Чемпиондар лигасының 2014/2015 жылғы финалдық кездесуі Берлиндегі “Олимпийский” стадионында өтетін болды. Ал 2015 жылы Еуропа лигасының ақтық матчы Польша астанасы Варшава қаласында ойналады.

Мұндай шешімді УЕФА мүшелері Лондонда қабылдады. 2006 жылы әлем чемпионатының финалын қабылдаған “Олимпийский” стадионына 74 мың жанкүйер сыяды. Варшавадағы алаң 56 мың көрерменге арналған. Естеріңізге сала кетейік, Челси мен Бенфика арасындағы  Еуропа лигасының биылғы финалы Амстердам қаласында өткен болатын. 25-мамырда Чемпиондар лигасының қос мықтысы Боруссия мен Бавария “Уэмблиде” күш сынасады.

sportsarap.com

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×