Дәурен Жұмат «Оқжетпестің» мақсаты туралы: маусымды сәтті аяқтап, Еуропада ойнағымыз келеді

19.06.2025, 12:57

«Оқжетпестің» көшбасшысы Дәурен Жұмат көкшетаулық клубтың маусымдағы мақсаты мен өзінің жоспарларымен бөлісті.     

Дәурен Жұмат «Оқжетпестің» мақсаты туралы: маусымды сәтті аяқтап, Еуропада ойнағымыз келеді
Дәурен Жұмат

«Нақты осылай бастаймын деп ойламадым. Дегенмен, гол соғып, командаға көмектесу деген мақсат қойғаным рас. Бәрі еңбектің, жаттығудың және командаластарымның арқасы. Әрдайым алғыс білдіремін. Ол жерде Ұлан, Бауыржан ағаларымыз келіп, қолдау білдірді. Мұндай тәжірибелі ойыншылардан қолдау алу біз үшін маңызды. Кеңестерін тыңдаймыз. Қазіргі бапкеріміз Андрей Святославович Ферапонтов шақырды. Бұрын «Мақтааралда» жүргенімде қаралымға шақырған, сол кезде келіп едім. Біз әр матчта жеңіске жетуге тырысамыз. Соның арқасында турнирлік кестеде бесінші орында келеміз. Алла қаласа, маусымды сәтті аяқтап, Еуропада ойнағымыз келеді», - деді Д. Жұмат KFF League сайтына берген сұқбатында.

Дәурен Жұмат ҚПЛ-де 12 ойында 7 голдың авторы атанды. Сондай-ақ, жартылай қорғаушы Қазақстан құрамасының сапында өзінің дебюттік кездесуін өткізді (5маусым, Беларуське қарсы жолдастық ойында).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×