Далаға кеткен 120 мың доллар

12.04.2012, 20:20
Далаға кеткен 120 мың доллар
Келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін Алматының "Қайраты" компенсация ретінде ағылшын бапкері Джон Грегориге 120 мың АҚШ долларын төлеген.
Айта кетейік, ағылшын бапкері Қайрат футбол клубының тізгінін 2011 жылы маусым айының ортасында қолына алып, команданы Премьер-лиганың 17 ойынына алып шыққан. Бірақ, сол 17 матчта "Қайрат" тек 4-ақ кездесуде жеңіске жетіпті. Қалған алты ойында тең түссе, жетеуінде жеңілістің кермек дәмін татқан. Сөйтіп, соның кесірінен Алматының клубы спорттық қағида бойынша Премьер-лигадан бірінші лигаға түсуі керек болатын. Тек біріншіліктің жаңа жүйеге көшуінің арқасында ғана "Қайрат" ТОП-дивизиондағы өз орнын сақтап қалған. Міне, "Қайратты" қайраңға салған сол бапкер ақыры қызметінен босап, оның орнына отандық маман Дмитрий Огай тағайындалған еді. Ал Джон Грегори компенсация ретінде клубтан 120 мың АҚШ долларын өндіріп алған. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Қайырболат Хайдаров мәлімдеді. - Ағылшын бапкеріне 500 мың доллар берген жоқпыз. Бұл бос сөз. Оған тек 120 мың АҚШ долларын ғана санап бердік, - деді басқарма бастығы. Естеріңізге сала кетейік, соңғы кездері бейресми ақпарат көздерінде ағылшын маманының "Қайрат" басшылығынан 500 мың АҚШ долларын өндіріп алғаны туралы ақпарат тараған болатын. Дегенмен, Хайдаров бұл сыбысты жоққа шығарды. Десек те, 120 мың "көкқағаздың" да аз емес екенінсіз бен біз жақсы түсінеміз. алаш арена
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×