Дамир Даутов жастар құрамасына оралады

05.10.2011, 05:32
Дамир Даутов жастар құрамасына оралады

Біздің жастар құрамамыздың бапкері Слободан Крчмаревич 7 қазанда Еуропа Чемпионаты-2013 іріктеу матчын Франция құрамасымен Клермон-Ферран қаласында өткізетін Қазақстан жастар құрамасының кандидаттар тізімін жариялады.

«Астананың» соңғы матчтарындағы Дамир Даутовтың салмақты ойыны оған серб бапкерінің сенімін қайтарып еліміздің жастар құрамасына сыйлы шақыруға ие болуға көмектесті. Дамир оның алдындағы іріктеу циклінде ойнаған болатын. Оның активінде 5 матч, Израиль құрамысының қақпасына салынған бір гол. Дамирден басқа Францияда ойнау мүмкіндігіне ие болғандар – «Астананың» ойыншылары Дмитрий Шомко мен Денис Прокопенко осы іріктеу турнирінде біздің командамыз үшін ойнады. Шомко болса, жастар құрамасының құрамында 2009 жылдың іріктеу циклінде ойнаған. Ол кезде Дмитрий алты матчты өткізіп, Шаеция құрамасының қақпасына бір гол салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×