Дамир Қасаболат: «Мұндай тамаша атмосферада бірінші рет ойнап тұрмын, маған қатты ұнады»

08.03.2022, 00:28
Жас футболшы кеше Премьер-лигада дебют жасады.
Дамир Қасаболат: «Мұндай тамаша атмосферада бірінші рет ойнап тұрмын, маған қатты ұнады»

«Қайраттың» қорғаушысы Дамир Қасаболат алматылық клуб сапындағы дебюттік ойыны туралы пікір білдірді.

- Біріншіліктегі алғашқы матчты жеңгенімізге қуаныштымын, мұндай тамаша атмосферада, жоғары деңгейде бірінші рет ойнадым, маған қатты ұнады.

- Құрбан Бекиұлы бірінші таймнан соң қобалжығаныңды айтты, қобалжуды қалай жеңе алдыңыз?

- Иә қобалжу болды, мен барынша қателіксіз ойнауға тырыстым, оған қоса, командадағы әріптестерім маған жақсы көмектесті. Осының арқасында мен қобалжуды жеңіп, екінші таймда өзімді сенімді сезіне бастадым.

Осы сәтті пайдалана отырып, қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысымды білдіргім келеді және бапкерлік құрамның маған сенім білдіргеніне алғыс айтамын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×