Даңқты футболшы Диего Марадона Дубайға келді

06.08.2011, 16:20
Даңқты футболшы Диего Марадона Дубайға келді
Осыдан екі жарым ай бұрын жергілікті Әл-Васл командасымен екі жылдық келісім-шартқа отырған Аргентиналық бапкер, жаңа қызметіне кіріседі. Дубайға жеңу үшін келдім деген атақты футболшы, араб командасының сапына жаңа футболшыларды тарту ойында бар екенін айтқан болатын. Қазіргі танымал ойыншылардың біразы Марадонаның қол астында жаттығуға әзір деген клуб басшысы Ашраф Мұхаммед, Уругвай сұрмергені Диего Форланды сатып алу жоспарын жеткізді. 35 миллион еуроны санап береміз деген араб командасының ұсынысы әлі шешілген жоқ. http://khabar.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×