Даңқын қайда төске өрлеген? (Манчестер Юнайтед)

04.07.2015, 18:23
Даңқын қайда төске өрлеген? (Манчестер Юнайтед)
Кезінде атақ- даңқы аспандап тұрған клубтардың қазіргі таңдағы ойынына көп жанкүйердің көңілі толмайды. Үш- төрт жыл бұрын ол командалардың атынан ат үркитін. Сол командалардың жай- күйіне «Аладоп» тілшісі Ерден Нұрахмет тоқталып өтпек. Ағылшын премерь- лигасының 20 дүркін, Англия кубогының 11, Англия Суперкубогының 20, Чемпиондар лигасының 3 дүркін чемпионы атанған «Манчестер Юнайтед» клубының қазіргі таңдағы жағдайы нашар. Сэр Алэкс Фергюсон кеткелі бері «МЮ» ешбір чемпионатта топ жармады. 2013 жылы «қызыл сойқандар» Дэвид Мойеспен алты жылдық  келісім- шартқа отырған болатын. Мойес келгелі «МЮ- дің» жолы болмай, жеңілістері көбейе берді. Сол жылы Чемпиондар Лигасының ¼ финалында Бавариядан жеңіліп, 2013/14 маусымда АПЛ- да 7 орынға тұрақтады. Нәтижесінде 2014 жылы Мойес бапкерліктен кетті. Оның орнына Гиггз уақытша бапкер болып тағайындалды. 2014 жылдың жазында бас бапкерлікке голландиялық маман  Луи ван Гал келді. Сол жылы жаздағы трансферлік маусымда 59,7 млн фунтқа «Реалдан» Анхель Ди Марияны сатып алды. 2014/15 маусымының қорытындысы бойынша әупірімдеп жүріп Премьер- лигада төртінші орынға тұрақтады. Команданың капитаны Уейн Руни бір сөзінде  «команда тарихындағы соңғы екі жылды сызып тастау керек» деп өздерінің соңғы жылдары сәтсіз өнер көрсеткендерін айтып өткен болатын. Және келесі маусымда АПЛ- дың алтынын аламыз деп жанкүйерлеріне сөз берген. Кезінде Бекхэм, Гиггз, Фердинандтар доп тепкен клуб келесі маусымда жағдайларын жақсарта ала ма? Әлде «МЮ- дің» сәтсіздігі жылдан жылға жалғаса бере ме? Сіз қалай ойлайсыз оқырман?
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×