Дарвин Нуньес «Бенфика» сапында рекорд орнатты

14.04.2022, 16:47
Уругвайлық шабуылшы «Ливерпульмен» болған қос матчта да гол соқты.
Дарвин Нуньес «Бенфика» сапында рекорд орнатты

УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалындағы жауапты матчта «Ливерпуль» мен «Бенфика» тең ойнады (3:3). Португалиялық клубтың шабуылшысы Дарвин Нуньес ойын соңында гол соғып, есепті теңестірді.

Осы гол арқылы Нуньес «Бенфика» үшін Чемпиондар лигасының бір маусымында алты гол соққан алғашқы ойыншы атанды. Бұған дейінгі рекорд 1998/99 жылғы маусымда бес гол соққан Нуну Гомешке тиесілі болған еді.

«Бүгін біз «Бенфиканың» жақсы команда екенін көрсеттік. Біз алаңда бар күшімізді сарп еттік. Тең нәтижеге қол жеткіздік, бірақ бұл келесі кезеңге өту үшін аздық етті. Біз үйге басымызды тік ұстап қайтамыз. Себебі жанкүйерлерге бұдан да көп нәрсені көрсете аламыз. Мұнда келіп, біз көрсеткен нәтижені жасай алатын клубтар жоқтың-қасы. Команда бұл ойында барын салды», - деп келтіреді УЕФА баспасөз қызметі Нуньестің сөзін.

Айта кетейік, уругвайлық шабуылшы «Ливерпульмен» өткен алғашқы матчта да гол соққан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×