Қазақстан кубогінің үшінші кезеңіне арналған жеребе нәтижелері белгілі болды

14.04.2022, 22:08
Төрт команда топтық кезеңге берілетін екі жолдаманы сарапқа салады.
Қазақстан кубогінің үшінші кезеңіне арналған жеребе нәтижелері белгілі болды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының кеңсесінде ел кубогінің 2022 жылғы маусымдағы үшінші кезеңнің жеребесі тартылды.

Оның қорытындысы бойынша үшінші кезеңде мына командалар өзара мықтыны анықтайды:

«Қайсар» - «Яссы»

«Жетісу» – «Жеңіс»

Осы кезеңнің қорытындысы бойынша анықталған екі жеңімпаз ел кубогінің топтық кезеңіне жолдама алады.

Үшінші кезеңнің ойындары 4 мамырда бірінші көрсетілген команданың алаңында өтеді. Әр кездесудің жеңімпазы бір ойынның қорытындысы бойынша анықталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×