Қазақстанда кәсіби футзал лигасы құрылды

14.04.2022, 22:24
Лигаға жаңа басшы ретінде Асқар Әбілдаев бекітілді.
Қазақстанда кәсіби футзал лигасы құрылды

Мұндай шешім Қазақстан футбол федерациясының қабырғасында футзалды дамыту бойынша өткен жиында қабылданды.

Шешімді футзалдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының барлық клубтары қолдады. 

Лига президенті лауазымына Асқар Әбілдаев сайланды. Ол бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының футзал департаментін басқарған болатын. 

Ұйымның негізгі қызметі футзалдан ішкі жарыстарды ұйымдастыру болмақ: OLIMPBET-ҚР Чемпионаты, OLIMPBET-ҚР Кубогі, OLIMPBET-ҚР Суперкубогі, сонымен қатар барлық жас ерекшеліктері бойынша ел біріншіліктері (U-13, U-15, U-17).

Күн тәртібіне футзалдан Қазақстан Бірінші лигасын құру және жаңа маусымнан бастап футзал командаларын сертификациядан өткізу мәселелері қаралды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×