«Тобыл» мен «Шахтер» клубына айыппұл салынды

15.04.2022, 00:43
Сондай-ақ «Тобыл» қорғаушысы бір матчтан шеттетілді.
«Тобыл» мен «Шахтер» клубына айыппұл салынды

2022 жылдың 14 сәуірінде ҚФФ Бақылау-тәртіптік комитетінің отырысы өтті. Жиын қорытындысы бойынша мынадай шешімдер қабылданды:

Футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты, бесінші тур

«Ордабасы» - «Тобыл»

Қарсыласын гол соғудың айқын мүмкіндігінен айырғаны үшін Тәртіптік регламенттің 44-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес «Тобыл» командасының ойыншысы Александр Марочкин бір матчтан шеттетілді. Дисквалификация мерзімі 2022 жылдың 10 сәуірінен бастап есептеледі.

Сондай-ақ команданың көрсеткен тәртіпсіз мінез-құлқы үшін «Тобылға» Тәртіптік регламентінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Қостанайлық клуб айыппұлды 2022 жылдың 13 мамырына дейін төлеуі тиіс.

«Шахтер» - «Мақтаарал»

Ойынның 51-минутында жанкүйердің суретке түсу үшін алаңға шығуында байланысты «Шахтерға» Тәртіптік регламентінің 63-бабының 1-тармағына сәйкес 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Қарағандылық клуб айыппұлды 2022 жылдың 13 мамырына дейін төлеуі керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×