Дастан Сәтпаев әлемді таңқалдыруда. «Челсидың» таланты Еуропаның 23-жасқа дейінгі үздіктерінің қатарында

09.04.2025, 10:45

Дастан Сәтпаев өткен аптада Еуропада ең жемісті ойнаған 23-жасқа дейінгі футболшылардың қатарына енді.

Дастан Сәтпаев әлемді таңқалдыруда. «Челсидың» таланты Еуропаның 23-жасқа дейінгі үздіктерінің қатарында
Дастан Сәтпаев

Апта командасының тізімін Rising Stars XI түзген болатын. Символикалық құраманың қатарында «Челсидың» шабуылшысынан бөлек, «Барселонаның» 20-жастағы жартылай қорғаушысы Гави де бар. Ең қызығы 23-жасқа дейінгі футболшылардың ішіндегі ең жасы Дастан Сәтпаев болып шықты. 

Естеріңізге сала кетейік, ҚПЛ-2025-тің 4-турындағы «Атырауға» қарсы өткен ойында 16-жасар форвард екі гол салып, бір ассисттің авторы атанды. Жалпы, биылғы маусымда Дастан Сәтпаев «Қайрат» жейдесіндегі 4 кездесуде 3 гол салды. Бұдан бөлек, ӘЧ-2026 іріктеуінің аясында Уэльс құрамасына қарсы ойында Қазақстан құрамасының сапындағы дебюттік ойынын өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×