Дәуренбекті еліткен – Чемпиондар лигасы

29.11.2012, 19:06
Дәуренбекті еліткен – Чемпиондар лигасы

«Шахтер» Чемпиондар лигасының електік сындарына қатысады. Ал мен еурокубоктық додаларда тәжірибе жинағым келеді. Сол себепті екі дүркін ел чемпиондарының ұсынысын қабыл алдым.

 «Ордабасы» сапындағы белсенді футболшылардың бірі Дәуренбек Тәжімбетов «Шахтерға» ауысады» деген хабар тарағалы көп болды. Дәуренбек, расымен, қарағандылық клубтың намысын қорғай ма, әлде «Ордабасы» ойыншысы болып қала бере ме? Футболдан ел біріншілігі аяқталысымен әрбір клуб келесі маусымға қамдану кезеңін бастап кетті. Бір ұжым бас бапкерімен қоштасса, енді бірі жаңа ойыншылармен команда қатарын толықтыр­ғысы келеді. «Ордабасы» сапында үш жыл доп теп­кен Дәуренбек Тәжімбетовке «Шахтер» құда түсіп,ақыры бағалы ойыншыны өз қатарына алып тынды. Осы орайда жаңа клубқа ауысуымен құттықтап, Дәуренбектің өзіне хабарласқанбыз. – Иә, мен енді «кеншілер» клубында өнер көр­сетемін. Келісімшартқа қол қойдым, бәрі дайын. Бұйырса, желтоқсанның 10-ы күні «Шахтермен» бірге алғашқы оқу-жаттығу жиынына қатыспақ­шымын. Менің «Шахтерға» ауысқандағы ең негізгі мақсатым – әрине, жеңіске жету. Сонымен қатар «Шахтер» Чемпиондар лигасының електік сындарына қатысады. Ал мен еурокубоктық додаларда тәжірибе жинағым келеді. Сол себепті екі дүркін ел чемпиондарының ұсынысын қабыл алдым. Осы орайда сіздердің газеттеріңіз арқылы «Ордабасы» клубына көптен-көп алғыс жолдасам деймін. Өйт­кені футболшы ретінде қалыптасуыма бұл коман­даның сіңірген еңбегі зор болды, – деп жауап берді бізге Дәуренбек. алаш арена
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×