Деспотович «Рубин» ойыншысы атанды

22.07.2020, 03:17
«Қайрат» пен «Астана» бағалай алмап еді...
Деспотович «Рубин» ойыншысы атанды

«Оренбургтің» бұрынғы шабуылшысы Джордже Деспотович «Рубин» ойыншысы атанды.

Форвардтың «Рубинмен» келісімі үш жылға жасалған. Деспотович командада 9-нөмірмен ойнайды. Шабуылшы медициналық тексерістен өтіп, команда құрамына қосылды.

Деспотович "Оренбургте" 2018 жылдан бері ойнайды. Осы маусымда 28 жастағы шабуылшы Ресей премьер-лигасында 20 матч өткізіп, 8 гол соқты. Бұл командадағы ең жақсы нәтиже.

1 маусымда футболшы "Оренбург" клубынан кетіп, еркін агент болды. Ресейге кетпес бұрын Джордже "Црвена Звезда", "Локерен" және бірқатар қазақстандық клубтарда ойнады. «Астана» құрамында - екі мәрте Қазақстан чемпионы, «Қайратпен» - Қазақстан Кубогының иегері атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×