Диего Марадона 60 жасында өмірден озды

26.11.2020, 03:58
Сөзсіз Марадонаның есімі футбол тарихында алтын әріптермен жазылады.
Диего Марадона 60 жасында өмірден озды

Аңызға айналған аргентиналық футболшы Диего Марадона 60 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Clarin басылымы. "Наполи" мен Аргентина құрамасының экс-ойыншысының өліміне жүрегінің тоқтап қалуы себеп болды.

11 қарашада Марадона ауруханадан шығарылған еді. Экс-футболшыға субдуральды гематома операциясы жасалды. Шығарылғаннан кейін Марадонаның клиникаға алкогольдік тәуелділіктен емделу үшін жеткізілгені хабарланды.

Диего соңғы рет көпшілік алдында 30 қазанда өзінің 60 жылдығына арналған "Патронатомен" болған (3:0) Аргентина чемпионатының 1-тур ойынында "Химнасия және Эсгрима" клубының бас бапкері ретінде көрінді. Матч алдында оған ескерткіш тақта табыс етілді. Диего денсаулығы нашарлағанын алға тартып, ойынды тамашалауға қалған жоқ. Кейінірек ол Буэнос-Айрестен бір сағаттық жолда, Ла-Платадағы "Ипенса" клиникасына жеткізілгені туралы хабарланды.

Марадона "Химнасияны" 2019 жылдың қыркүйегінде қабылдады. Оған дейін 59 жастағы маман мексикалық "Дорадос" пен арабиялық "Аль-Васл" және "Аль-Фуджайре" клубтарында жұмыс істеген, сондай-ақ Аргентина құрамасын жаттықтырған. Диего футболшы кезінде "Аргентинос Хуниорс", "Бока Хуниорс", "Барселона", "Наполи", "Севилья" және "Ньюэллс Олд Бойздың" намысын қорғады. Жалпы Марадона өзінің клубтық мансабында 492 кездесу өткізіп, 258 гол соққан. Аргентина құрамасы үшін ол 91 матч өткізіп, 34 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×