Дорин Ротариу: «Команданың сенімділігі артып келе жатыр»

17.09.2020, 00:01
«Астана» ертең «Будучность» командасымен ойнайды.
Дорин Ротариу: «Команданың сенімділігі артып келе жатыр»

«Астана» футбол клубының жартылай қорғаушысы Дорин Ротариу Sports.kz  Республикалық интернет-порталына сұхбат беріп, алдағы Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы «Будучностқа» қарсы ойын туралы пікір білдірді.

- Дорин, «Астана» үшін соңғы ай сәтті өтті дей алмаймыз. Қазір команда сапындағы ойыншылар арасындағы көңіл-күй қалай?

- Команданың сенімділігі күн сайын артып, біз бір отбасыға айналып келе жатырмыз.

- Сіздің команда сенбі күні «Ордабасыға» қарсы қиын кездесуде маңызды жеңіске қол жеткізді. Бұл «Астананың» тасы өрге домалай бастағанын көрсете ме?

- Бұл біздің дұрыс жолда келе жатқандығымыздың айқын дәлелі.

- «Қайрат» Премьер-Лигада көш бастап келеді. Оларды қуып жетіп үлгересіздер ме?

- Біз үшін ең бастысы - келесі ойын. Жағдайдың қалай боларын, маусым соңында көре жатармыз.

- Бірнеше күннен кейін команда Еуропа лигасы аясында «Будучность» ұжымына қарсы ойнайды. «Астананы» аталмыш кездесудің фавориті дей аламыз ба?

- Менің ойымша, біз - фаворитпіз. Бірақ, бұл қарсыласты бағаламау дегенді білдірмейді.

- Черногрия чемпиондарына қарсы ойынның Қазақстанда өтуі «Астанаға» қандай да бір басымдық береді деп ойлайсыз ба?

- Біз Қазақстанда ойнағанымызбен, аталмыш кездесуді «Астана Аренада» өткізбейміз.

- «Будучность» командасы туралы не айтасыз?

- Мен олардың соңғы ойындарын көрдім және нәтижелерін білемін.

- Чемпионат екінші рет қайта жалғасқаннан кейінгі бір ай ішінде команда құрамындағы ойыншылар толықтай бабына келіп үлгерді ме?

- Біз алдағы ойындарға дайын болу үшін, бірінші кезекте жаттығу жұмыстары барысында 100% еңбектенуге тырысып жатырмыз.

- Пол Эшуорттың бапкерлік қызметі туралы не айтасыз?

- Ол команданы және ойыншыларды өте жақсы біледі. Оның қол астында команда жақсы жұмыс жасап жатыр. Пол бізге ерекше мотивация мен сенімділік беруде.

- «Астана» осы маусымда өз алдына қойған екі мақсатына, яғни Қазақстан чемпионы атану және Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығу жоспарын орындай ала ма?

- Бұл біздің жоспарымыз. Біз осы жоспарды орындау үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтын боламыз.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×