Думан Нәрзілдаевтың қай командаға ауысатыны белгілі болды

24.12.2021, 15:38
Футболшы бірнеше күн бұрын «Қайсардан» кеткен еді.
Думан Нәрзілдаевтың қай командаға ауысатыны белгілі болды

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Қайсардың» капитаны Думан Нәрзілдаев «Ақсу» клубымен келіссөз жүргізуде.

Нәрзілдаевқа Премьер-лиганың бірнеше командасы қызығушылық танытқан болатын.

Павлодарлық клубта жартылай қорғаушы бас бапкер Дмитрий Огаймен бірге жұмыс істегісі келеді, естеріңізде болса, бұл маманның қол астында Нәрзілдаев керемет ойнаған болатын.

Қызылордалық клуб өткен маусымның қорытындысы бойынша Бірінші лигаға түсіп қалды. Сондықтан Нарзілдаев командадан кету туралы шешім қабылдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×