Дженнаро Гаттузо испаниялық клубты тізгіндеді

09.06.2022, 20:34
Италиялық маман екі жылдық келісім-шартқа қол қойды.
Дженнаро Гаттузо испаниялық клубты тізгіндеді

Дженнаро Гаттузо «Валенсияның» бас бапкері атанды, деп хабарлайды испаниялық клубтың ресми сайты. Италиялық маманның клубпен келісім-шарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

Гаттузоның 2021 жылдың мамырында «Фиорентинаны» тізгіндеген еді, бірақ басшылықпен болған келіспеушіліктерге байланысты маусымның ортасында командадан кетті. Дженнаро бұған дейін «Палермо», «Сьон», «Пиза», «Милан» және «Наполи» клубтарында жұмыс істеген.

«Валенсияны» жаттықтырған Хосе Бордалас 3 маусымда қызметінен кеткен болатын. Оның жетекшілігімен клуб Испания кубогінің финалына шықты, сонымен қатар 38 матчта 48 ұпай жинап, Ла Лигада тоғызыншы орынды иеленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×