Джорджо Кьеллини “Ювентуста” жаңа қызметке тағайындалды

02.06.2025, 15:30

"Ювентус" клубының бұрынғы қорғаушысы Джорджо Кьеллини Туриндік ұжымда жаңа қызметке тағайындалды. Енді ол клубтың футбол стратегиясы жөніндегі директоры қызметін атқарады. Бұл туралы "Ювентустың" баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады.

Джорджо Кьеллини “Ювентуста” жаңа қызметке тағайындалды

Бұған дейін 40 жастағы Италиялық футбол ардагері футбол ұйымдарымен байланыс бағытында жұмыс істеген болатын. Жаңа қызметінде ол 2025 жылдың 04 маусымынан бастап клубтың бас менеджері қызметіне кірісетін Дамьен Комоллиге тікелей есеп беретін болады.

Еуропа чемпионы Кьеллини "Ювентус" сапында 2005 жылдан 2022 жылға дейін ойнап, клубтың аңызға айналған ойыншысы атанды.

2024/25 жылғы маусымда "Ювентус” Серия А чемпионатын төртінші орында аяқтады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×