
Лионель Месси "Барселонадағы" әріптесі Тьерри Анри жайлы айтты.
"Ол алғаш рет киім ауыстыратын бөлмеге кірген сәтте, мен оның бетіне қарауға батпадым. Англияда ол не істегенін жақсы білетінмін. Оның постері бөлмемде ілулі тұратын. Ал енді біз бір командада едік.
Менің Титиге деген сезімімді ең жақсы сипаттайтын сөз — таңданыс. Ол мүмкіндіктерді қандай жеңілдікпен пайдаланып кететінін ұнататынмын. Қақпаға қалай жол ашып, шабуылды қалай аяқтайтыны ғажап. Бұл оның табиғи қабілеті сияқты көрінетін. Оның қозғалысы, дриблингі, соққысы – бәрі өте жұмсақ, әсем және жеңіл еді." — деді Мессид "Give Me Sport” басылымына берген сүхбатында.
Біздің серіктес: FONBET