Е.Қожағапанов мырзаның жауабы

12.01.2015, 23:13
Е.Қожағапанов мырзаның жауабы
Құрметті Ермұхамед Маулен! Спорт журналисі, футбол комментаторы ретінде Сіздің қазақ футболының дамуына, насихат ауқымының кең болуына қосқан үлесіңіз зор деп білемін. Сіз менің атыма жолдаған хатыңызда қазақстандық футболшыларды қолдау аясында жасалынған «Қазақстан футбол мектебінің түлегі» түсінігінің жарыс регламентіне енгізілуі өте орынды екенін атап өттіңіз. Бұл жерде «Қазақстан футбол мектебінің түлегі» түсінігі УЕФА–ның заңнамалық тәртіптерінің негізінде жасалғанын айтқан дұрыс. Бұл түсініктің футболшының азаматтығымен байланысы жоқ. Осы өзгеріс енгізілген сәттен ҚФФ өткізетін жарыстар регламентінде «легионер» түсінігі алып тасталынғанын да білетін боларсыз. Сондықтан УЕФА ережесіне сәйкес Мұрат Өнал азаматтығының қандай болғанына қарамастан, ол Қазақстан футбол мектебінің түлегі бола алмайды. Бірақ оның Қазақстандық клубтардың сапында өнер көрсетуіне ешқандай шектеу қойылмайды. Сондай ақ, Мұрат Өналдың «Қазақстан футбол мектебінің түлегі» атануға да мүмкіндігі бар.  Ол үшін футболшы Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында ресми кездесулердің бірінде алаңға шығуы тиіс.           Құрметпен,         ҚФФ Президенті                                              Е.Т. Қожағапанов  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×