Эдейпо Қазақстан азаматтығын алды ма?

06.10.2011, 22:05
Эдейпо Қазақстан азаматтығын алды ма?
Премьер-лигадағы әрбір ойын басталар алдында Әнұран ойналады. Әнұран ойналғанда біздің еліміздің азаматтары оң қолын жүрек тұсына қоюы тиіс. Футболшылар да сөйтеді. Әрине, өз еліміздің футболшылары.  Мына суретке зер салып көріңізші. Жейдесі ақ, шолақ шалбары қызыл түсті команда – Қызылорданың "Қайсары". Онда қарақұрлықтан қара бала да қолын жүрек тұсына қойып тұр. Біртүрлі қызық. Ол жігіттің аты-жөні – Филипе Эдейпо. Нигериядан келген. Ойланып қалдық, Эдейпо Қазақстан азаматтығын алған ба деп. Жөн сұрағанбыз. Өзіне ұнайтынын айтады. Эдейпоның өзі Қазақстан құрамасында ойнағысы келетінін жасырмайды. Әрине, ол ерекше көзге түсе қойған жоқ әзірге. Дегенмен "Қайсардың" жақсы ойын көрсетуіне қолдан келгенше тырысады. Жылдам жүгіріп, өз әріптестеріне пас тастауға күш салады. Бәлкім, құрамаға осындай ойыншылар керек шығар... Әділжан Үмбет http://baq.kz/kaz/blogs/cat/126/954
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×