УЕФА Еуропа Лигасының жартылай финалындағы екінші ойында "Рома" өз алаңында "Манчестер Юнайтедті" қабылдады. Кездесу Рим қаласындағы "Олимпико" стадионында (Италия) өтіп, 3:2 есебімен аяқталды.
УЕФА баспасөз қызметінің хабарлауынша, 34 жастағы уругвайлық шабуылшы Эдинсон Кавани - Клаус Аллофстың кезінен бері еурокубоктің екі жартылай финалдық матчының әрқайсысында дубль жасаған алғашқы футболшы атанды. Ал Аллофстың соққан төрт голы "Кельнге" 1985/1986 жылғы маусымдағы УЕФА Кубогінің жартылай финалында жеңіс сыйлаған болатын.
Сондай-ақ Кавани Еуропа Лигасының жартылай финалындағы қос матчта төрт немесе одан да көп гол соққан үшінші ойыншы атанды. Бұл көрсеткішке бұған дейін Радамель Фалькао (2011, "Порту") және Пьер-Эмерик Обамеянг (2019, "Арсенал") қол жеткізген еді.
Осы маусымда Кавани "Манчестер Юнайтед" сапында 34 ойын өткізіп, 14 гол соқты, бес нәтижелі пас берді. Оның "қызыл сойқандармен" келісім-шарты 2021 жылы 30 маусымда аяқталады.
Біздің серіктес: FONBET