Эдоардо Рея: «Қазақстан құрамасы жақсы жасақталған, бірақ жылдам қорғаушылары жоқ»

11.10.2020, 02:23
Ертеңгі матчқа Сергей Малый сары қағаздың көптігіне байланысты қатыса алмайды.
Эдоардо Рея: «Қазақстан құрамасы жақсы жасақталған, бірақ жылдам қорғаушылары жоқ»

Албания құрамасының бас бапкері Эдоардо Рея УЕФА Ұлттар лигасының алдағы Қазақстанға қарсы ойыны туралы пікір білдірді.

- Литвамен болған матчтан (0:1) кейінгі тағылған сын қаншалықты күшті болды? Қазақстанға қарсы ойын Сіздің ұлттық құрамаңызды қалпына келтіруге мүмкіндік бере ме?

- Бұл біз үшін ауыр жеңіліс болды. Белоруссияны жеңгеннен кейін (2:0) біз жеңіс сериясын жалғастырғымыз келді, бірақ Литвамен матчта жіберілген күлкілі голдың арқасында біз мұны жасай алмадық.

- Қазақстан құрамасының мықты және әлсіз жақтары қандай?

- Қазақстан құрамасы жақсы жасақталған команда. Қарсылас қапталдар арқылы көп ойнайды, 3-4-3 схемасын қолданады, команда физикалық жағынан дайын және техникалық жағынан жабдықталған. Мен команданың бүкіл ойынын байланыстыратын Исламханды ерекше айтар едім. Олар қорғаныста бес қорғаушымен, орталықта төрт жартылай қорғаушымен ойнайды, яғни бос кеңістіктерді жақсы жабады, бірақ өте жылдам қорғаушылары жоқ. Біздің қос қанаттағы шабуылшыларымыз осы жағынан өзгеріс жасай алады деп үміттенеміз.

- Қазақстанды қалай болса да жеңу Сіз үшін оң нәтиже бола ма?

- Команданың жақсы ойнауы өте маңызды. Біз ұпай жоғалтқымыз келмейді, өйткені жоғарыда атап өткендей, біз топтың фавориті болғанымызға қарамастан, болмашы жерде қателесіп қалдық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×