Египет құрамасы жаңа бас бапкер тағайындады

09.09.2021, 13:32
Египет қазір әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде екінші орынмен келе жатыр.
Египет құрамасы жаңа бас бапкер тағайындады

Португалиялық жаттықтырушы Карлуш Кейруш Египет құрамасын тізгіндеді. Бұл туралы Египет футбол федерациясының баспасөз қызметі.

68 жастағы маман бұл қызметте Хоссам Эль-Бадриді алмастырды. Египет құрамасы қазіргі уақытта 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің F тобында екі ойында 4 ұпай жинап, екінші орында тұр.

Кейруштің соңғы рет 2019 жылдың ақпанынан 2020 жылдың желтоқсанына дейін Колумбия құрамасын жаттықтырды. Ол кезде Колумбия әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің төрт турында 4 ұпай жинап, жетінші орынға табан тіреді. Колумбияға дейін Кейруш Иран, Португалия, Оңтүстік Африка, Біріккен Араб Әмірліктері, "Спортинг" және басқа командаларды баптады, сонымен қатар "Манчестер Юнайтедтің" жаттықтырушылар штабында болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×